Қызылорда қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 2084 қаулысы және Қызылорда қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 5/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірде N 10-1-86 тіркелді

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 26/4 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 18.02.2014 N 1610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2008 жылғы 19 наурыздағы N 1 ұйғарымына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласы "Сәулет" мөлтек ауданындағы атауы жоқ N 221 квартал әдебиет сыншысы, аудармашы, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының "Мағжан Жұмабаев" атындағы сыйлығының иегері Жарасқан Әбдірашев есімімен аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі                                   С. Қожаниязов

      Қалалық мәслихаттың кезекті
      бесінші сессиясының төрағасы                 М. Баекеев

      Қалалық мәслихат хатшысы                     И. Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады