Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013.02.01 N 5609 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшері бір шаршы метрге 38 теңге болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010.02.08 N 2416 қаулысымен.
2. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев