Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2013.02.01 N 5609 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 620 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-100 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 12 желтоқсандағы N 77 "Ақмешіт ақшамы" газетінде жарияланған)мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "12" деген сан "38" деген санмен ауыстырылсын.
2. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев