Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімінің 2012.10.18 N 531 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі жанындағы аудандық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 14 наурыздағы N 1 хаттамасына және ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 14 наурыздағы N 1 шешімін жүзеге асыру мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Арал қаласындағы жекелеген көшелерге: Мағжан Жұмабаев көшесіне әскери бөлім жағынан тігінен қиылысатын (N 62 орта мектептен батысқа қарай) алты көшеге Кеңес Омаров, Қуатжан Досжанов, Мұрат Шалабаев, Әлмұрат Лепесов, Махамбетәлі Ешниязов, Төкеш Тәжігұлов атаулары; Тайыр Жароков көшесіне қанаттас, батыс жағындағы екі көшеге Бегім-Ана, Қалдыбайұлы Әл-Мұхаммед (Қарамолла) атаулары; Бауыржан Момышұлы көшесінің соңғы батыс жағындағы екі көшеге Шақпақ Артықбаев, Алтыбай Құмаров атаулары; Бақтыбай батыр көшесінің соңғы батыс жағындағы екі көшеге Байқоңыр, Кіші Арал атаулары; Тоқтар Әубәкіров көшесіне қанаттас солтүстік-батыс жағындағы көшеге Бекұзақ Тәңірбергенов атауы; Суворов көшесінің батыс бөлігіне қанаттас көшеге Байжан Бижанов атауы берілсін.
2. Арал қаласындағы Грибоедов тұйығы Жағал Таушанов көшесі; Зейнолла Шүкіров тұйығы Жарасқан Әбдірашұлы көшесі; Алтықұдық тұйығы Мешітбай Құттықов көшесі; Бауыржан Момышұлы тұйығы Төлеген Әлімбетов көшесі; Андреев көшесі Мүбәрәк Рысқұлов көшесі; Орджиникидзе көшесі Жылқайдар Дошниязов көшесі; Ә.Медетбаев көшесі Әуелбек Төлегенұлы көшесі атауларымен өзгертілсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2007 жылғы 21 сәуірде пайда болған қарым-қатынастарға таралады.
Арал қаласының әкімі А. Үмбетов