Қазалы ауданы аумағында кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының мөлшерін бекіту жайлы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 ақпандағы N 39 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 наурызда N 10-4-79 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 04 наурыздағы N 272 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2011.03.04 N 272 шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 394-бабын, 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 220 Қазақстан Республикасының Заңын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15-тармақшасын, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Қазалы аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазалы ауданы аумағында кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы ХХVIII сессиясының "Қазалы ауданы аумағында кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының мөлшерін бекіту жәйлі" N 226 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 15 қаңтарда N 10-4-58 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" басылымының 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 8 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс V сессиясының төрағасы                    О. Роман

      Аудандық Мәслихат хатшысы                     Т. Бөріқұлақов

2008 жылғы 11 ақпандағы
N 39 нормативтік-құқықтық
кесімге қосымша

Қазалы ауданы аумағында кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының
МӨЛШЕРІ

р/с

Тіркелген жиынтық салығының салық салу объектісі

Тіркелген жиынтық салығының жылдық көлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш - АЕК)

 1. Ақшасыз ойын автоматтарымен қызмет көрсететін салық

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

Бір ойын автоматына

25

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

Бір ойын автоматына

35

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

Бір компьютерге

15

2. Боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететін салық
төлеушілер үшін:     

4

Ойын жолы

Бір ойын жолы

55

3. Картинг бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:

5

Карт

Бір картқа

25

4. Бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін:

6

Бильярд үстелі

Бір бильярд үстеліне

75

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады