Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.10.05 N 210 Қаулысымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 24 қазандағы N 2-19-457 санды ұсынысының негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданының Алға, Шакен ауылдық округтерінде қой және ешкі малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
1) Алға, Шакен ауылдық округтері арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
2) аурудан таза емес Алға, Шакен ауылдық округтері аумағынан
басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
3) бруцеллезбен (сарып) ауырған жануарларды және олардан
алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға.
3. Алға және Шакен ауылдық округтерінің әкімдері тиісті әкімшілік аумақтарында қой және ешкі малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді қабылдасын.
4. "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (К.Утеев, келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесімен (Б.Пірманов, келісім бойынша) бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту сұралсын.
5. "Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
(К.Назымбеков) "Қазалы аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Г.Имандосова, келісім бойынша) бірлесе отырып, Алға, Шакен ауылдық округтеріндегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтсін және бруцеллез (сарып) ауруы мен ауырған аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.
6. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдеріне тиісті елді мекен аумақтарында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды үйлестіру тапсырылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Көшербай
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
"Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Пірманов
Аудандық ішкі істер бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Утеев
"Қазалы аудандық мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г. Имандосова