2008 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы мен жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 70 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 23 қазанда N 10-5-95 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 наурыздағы N 105 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2009.03.30 N 105 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 329330332333334337338491 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы мен жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын алым мөлшері N 1N 2N 3 қосымшалары көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 31 санды "2008 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын акциз ставкасын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы мен жарнамалар орналастырғаны үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 9 қаңтарында 10-5-81 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 13 ақпандағы N 13 санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық мәслихаттың
      кезекті 9-сессия төрағасы                      Ә. Қуанбаев

       Аудандық мәслихат хатшысы                     М. Ерманов

Аудандық мәслихатының 2008
жылғы 30 қыркүйектегі кезекті
9 сессиясының N 70 шешіміне
N 1 қосымша

Жер салығы бойынша

       1.1 Ауыл шаруашылығының мақсатындағы пайдаланатын жерлерге салынатын салық мөлшері Салық кодексінің 329-бабында көрсетілген мөлшерде өзгеріссіз қалдырылсын.
      1.2 Жеке тұлғаларға өзіндік /қосалқы/ үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салық Кодексінің 330-бабында көрсетілген, базалық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленсін:
      - көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда -0,01 гектар үшін 20 теңге;
      - көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға -0,01 гектар үшін 100 теңге;
      1.3 Салық Кодексінің 332-бабында елді мекендердің жерлеріне /үй іргесіндегі жер учаскесін қоспағанда/ салынатын базалық салық ставкалары алаңнан бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленсін:    

Елді мекеннің түрі Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге)

- кенттер

0,96

0,13

- селолар /ауылдар/

0,48 теңге

0,09

       1.4 Салық Кодексінің 333-бабындағы байланысты үй іргесіндегі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскесінің 1 шаршы метріне салынатын салық мөлшері 0,50 теңге болып белгіленсін.
      1.5 Салық Кодексінің 334-бабындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 20 пайызға көбейтілсін.
      1.6 Салық Кодексінің 337-бабына байланысты кент аймағында және ауылдық жерлерде автотұрақтар, автомобильдерге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне көрсетілген салық, Салық Кодексінің 332-бабында белгіленген базалық ставкасы 10 есе көбейтіліп, 1 шаршы метр жеріне мына төмендегідей мөлшерде салық алынсын:

       а/ кент аймағында - 9,60 теңге болып белгіленсін
      б/ ауылдық жерде - 4,80 теңге болып белгіленсін

Аудандық мәслихатының 2008
жылғы 30 қыркүйектегі кезекті
9 сессиясының N 70 шешіміне
N 2 қосымша

Сыртқы /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары:        Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша 2008 жылға төлемақы ставкаларының мөлшері    

Салық салу объектісі Төлемақы /есепті айлық көрсеткішпен/

Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінбеген белдеуінде және елді мекендерде плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар, түрінде сыртқы /көрнекі/ жарнамалар объектілерін орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектілеріне құқық.


1.1 Сыртқы /көрнекі/ жарнама объектісін орналастыру көлемі 1 шаршы метрге дейін

0,5

1.2 Сыртқы /көрнекі/ жарнама объектісін орналастыру көлемі 1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін

1

1.3 Сыртқы /көрнекі/ жарнама объектісін орналастыру көлемі 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін

2

1.4 Сыртқы /көрнекі/ жарнама объектісін орналастыру көлемі 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін

3

1.5 Сыртқы /көрнекі/ жарнама объектісін орналастыру көлемі 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін

4

Аудандық мәслихатының 2008
жылғы 30 қыркүйектегі кезекті
9-сессиясының N 70 шешіміне
N 3 қосымша

Қармақшы ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері    

N
р/с
Салық салу объектісінің атауы Бір ойын үстеліне Тіркелген жиынтық салығының жылдық көлемінің мөлшері /айлық есептік көрсеткіш - АЕК/

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

Бір ойын автоматына

30

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

Бір ойын автоматына

40

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

Бір компьютерге

30

4.

Карт

Бір картка

25

5.

Бильярд үстелі

Бір бильярд үстеліне

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады