Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов