Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 415 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 сәуірде N 10-6-90 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 шілдедегі N 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.12 N 232 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.

      Аудан әкімі                                   Ө. Шаменов

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 415 қаулысымен бекітілген
қосымша

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің
Қағидасы

1. Жалпы ереже

      
      1. Осы Қағидасы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
      2. Осы мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасында (бұдан әрі - Ереже) мынадай ұғымдар қолданылады:
      мүгедек бала - тіршілік - тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат;
      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы - медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытуды белгілейтін құжат;
      өтініш беруші - мүгедек баланың атынан әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаушы тұлға;
      баланың заңды өкілдері - ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушісі, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тұлғалар.
      3. Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, ПМПК қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі.
      4. Әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-анасының біреуіне, немесе оның орын ауыстыратын тұлғаға, немесе заңды өкіліне (бұдан әрі - алушылар) беріледі.
      5. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған мүгедек балаларға тағайындалып төленеді.
      6. Әлеуметтік көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерін алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
      7. Әлеуметтік көмек толық мемлекет қамқорлығындағы мүгедек балаларға тағайындалмайды.
      8. Талас тудыратын барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.

2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру тәртібі

      
      9. Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі  Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады.
      1) өтініш;
      2) баланың тууы туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
      3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі-МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы (көшірмесі);
      4) ПМПК мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы берген қорытындысы (түпнұсқасы);
      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (көшірмесі).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.
      10. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
      11. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның жауапты тұлғасы құжаттарды түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу журналы ұсынылған құжаттарын қоса өтініштерін тіркейді және өтініш иесіне қабылдау туралы белгісі бар талонды береді.

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      
      12. алынып тасталды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.
      13. Әлеуметтік көмек, көмек алуға құқық пайда болғаннан кейін, әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап  10 күн ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      15. Әлеуметтік көмек аудандық ПМПК берген анықтамасында көрсетілгендей, құқық пайда болған кезден бастап, тоқсан сайын бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын көрсетілген кезеңге төленеді.
      16. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.
      17. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді тоқтатуға немесе қайта жаңартуға әсер ететін (баланы асырап алу, оның өлімі және т.б) жағдайларда, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.

4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      
      18. Әлеуметтік көмек бір тоқсанға төленеді.
      19. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
      20. Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.
      21. алынып тасталды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.
      22. Әдейі жалған мәліметтерді ұсыну, әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек, алушыдан төмендегі жағдайларда ұсталады:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындап және төлейтін уәкілетті органның шешімі негізінде;
      2) соттың актілері негізінде.
      Ескерту. 2-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 101 қаулысымен.
      23. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсі бойынша аударылмаған әлеуметтік көмектің сомасы өткен уақыт үшін ешқандай мерзіммен шектеусіз бірден аударылады.
      24. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есепті жүргізу және есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу
мен оқытуға көрсетілген әлеуметтік
көмектің Ережесіне қосымша

      Жалағаш аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
___________________________________
___________________________________
(мекен-жайында тұратын)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
      ___________________________________
___________________________________
      Тел________________________________

Жеке куәлігі N_____________________
      ___________________________________
_____________________________берген
(кім берді)           
___________________________________
(қашан берді)         
СТН________________________________
ЖӘК________________________________

      Өтініш

      Маған мүгедек балам___________________________________________
                               (тегі,аты,әкесінің аты)
әлеуметтік көмек тағайындап төлеуіңізді және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Жалағаш аудандық филиалынан ашылған N ____________ жеке есеп шотқа аударуыңызды сұраймын.
      Өзгерістер туған жағдайда 10 күн ішінде ол туралы хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен анық емес (жасанды) құжаттар көрсеткенім үшін жауапты екендігім ескертілді.

      200 жылғы "___"___________________________
                       (өтініш иесінің қолы)

      Өтініш қабылданды.

      200 жылғы " "_______________________________
                  (Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты жөні, қолы)

      _______________________________________________________________
                           (кесу сызығы)

      Азамат_______________өтініші____________дана құжаттарымен қоса

      200__жылғы "___"__________________ қабылданды.

      _______________________________________________________________
    (Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның аты-жөні, лауызымы және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады