Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.12 N 232 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілген әлеуметтік көмектің Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 415 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 14 сәуірде N 10-6-90 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 сәуірде N 33 (6651) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбында "көрсетілген" деген сөз "көрсетілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспеде:
"басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасында:
9-тармақта:
"уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган)-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" деген сөздер "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақта:
"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының Жалағаш аудандық басқармасы" деген сөздер "немесе екінші деңгейдегі банктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ алынып тасталсын;
22-тармақта:
2) тармақшадағы "шешімі, ұйғарымы, қаулысы" деген сөздер "актілері" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі Қ. БЕКЕНОВ