Біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 маусымдағы N 8-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 маусымда N 10-6-94 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008.12.24 N 13-9 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 369-бабына373-бабының 2-тармағына сәйкес және аудандық салық комитеті ұсынған деректер негізінде Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Жалағаш ауданында базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) өткізуді қоспағанда) алынатын біржолғы талон құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. "Аудан бойынша базарлар мен базардан тыс орындарда алынатын бір жолғы талон құнын белгілеу туралы" Жалағаш аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті IV-сессиясының N 4-8 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-81 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастан күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      VIII-сессиясының төрағасы                       Қ. Тәттібаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                       К. Сүлейменов

2008 жылғы 25 маусымдағы N 8-4
аудандық мәслихаттың шешіміне
1-қосымша

Жалағаш ауданында базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) өткізуді қоспағанда) алынатын бір жолғы талон құны

N Кәсіп түрі Біржолғы талон құны (теңге)

1.

Азық-түлік сату


Жүк автокөліктерінен сату

480

Жеңіл автокөліктерден сату

240

Сөреден сату

70

Қолдан сату

45

2.

Өндірістік заттарды сату


Жүк автокөліктерінен сату

480

Жеңіл автокөліктерден сату

240

Сөреден сату

80

Қолдан сату

55

3.

Мал сату


Ірі қара және жылқы сату

125

Басқа үй жануарларын сату

50

Құс сату

20

4.

Ауылдағы базарда азық түлік сату

20

5.

Сүт өнімдерін сату

10

6.

Насыбай сату

10

7.

Балмұздақ сату

50

8.

Аралап тамақ өнімдерін сату

30

2008 жылғы  25 маусымдағы N 8-4
аудандық мәслихаттың шешіміне
2-қосымша

Ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талон құны

N Кәсіпкерлік қызмет түрі Біржолғы талон құны (теңге)

1.

Газеттер мен журналдар

50

2.

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдарды "тікпе көшет, көшет"

70

3.

Бақша дақылдары

50

4.

Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер

30

5.

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

50

6.

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық

100

7.

Жер учаскілерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

300

8.

Жолаушылар "лицензиялы тасымалдардан басқасы" тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдерді иелерінің қызмет көрсетулері


1)

Аудан көлемінде

80

2)

Қала аралық

250

9.

Үй жануарлары мен құстарды жаю

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады