Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009.07.15 N 19-6 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданында базарларда тауар сату бойынша (базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блок) сатуларды қоспағанда) алынатын біржолғы талон құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. "Біржолғы талон құнын белгілеу туралы" Жалағаш аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 маусымдағы N 8-4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-94 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 2 шілдедегі N 55 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХІІІ-сессиясының төрағасы Б. Пирмаханов
Аудандық мәслихат хатшысы К. Сүлейменов
2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-9
аудандық мәслихаттың шешіміне
1-қосымша
Жалағаш ауданында базарларда тауар сату бойынша (базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блок) сатуларды қоспағанда) алынатын біржолғы талон құны
N | Кәсіп түрі | Біржолғы талон құны (теңге) |
---|---|---|
1 |
Азық-түлік сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
480 |
|
Жеңіл автокөліктерден сату |
240 |
|
Сөреден сату |
70 |
|
Қолдан сату |
45 |
|
2 |
Өндірістік заттарды сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
480 |
|
Жеңіл автокөліктерден сату |
240 |
|
Сөреден сату |
80 |
|
Қолдан сату |
55 |
|
3 |
Мал сату |
|
Ірі қара және жылқы сату |
125 |
|
Басқа үй жануарларын сату |
50 |
|
Құс сату |
20 |
|
4 |
Ауылдағы базарда азық түлік сату |
20 |
5 |
Сүт өнімдерін сату |
10 |
6 |
Насыбай сату |
10 |
7 |
Балмұздақ сату |
50 |
8 |
Аралап тамақ өнімдерін сату |
30 |
2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-9
аудандық мәслихаттың шешіміне
2-қосымша
Дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны
N | Кәсіпкерлік қызмет түрі | Біржолғы талон құны (теңге) |
---|---|---|
1 |
Газеттер мен журналдар сату |
50 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдарды (екпелер, көшет) сату |
70 |
3 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату |
50 |
4 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
30 |
5 |
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату |
50 |
6 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сату |
100 |
7 |
Жер учаскілерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
300 |
8 |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар |
50 |