Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.03.30 N 99 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы бойынша Таң ауылдық округіндегі жануарларда жұқпалы бруцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ө.Шаменов