"Жалағаш" ауданының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 30 желтоқсанда N 10-6-113 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 08 қарашадағы N 22-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009.11.08 N 22-2 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жалағаш ауданының құрметті азаматы"
атағын беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың мынадай шешімдері жойылды деп танылсын:
      1) "Жалағаш ауданының құрметті азаматы атағын беру Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 25 наурыздағы N 15-8 шешімі;
      2) "Жалағаш ауданының құрметті азаматы атағын беру Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 25 наурыздағы N 15-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 36-6 шешімі.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХІІІ-сессиясының төрағасы                       Б. Пирмаханов

      Аудандық мәслихат хатшысы                       К. Сүлейменов

Жалағаш аудандық мәслихатының
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 13-8 шешімімен бекітілген

"Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ереже

      
      1. "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағы аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. Қазақстан Республикасы, облыс және аудан алдындағы ерекше еңбегін ескеріп, қоғамдық мойындаудың көрінісі ретінде "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру моральдық жағынан ынталандырудың маңыздысы болып табылады және аудан тарихында
есімдердің сақталуы мақсатында беріледі. Сонымен қатар еліміздің жастарын ерлікке, батылдыққа, ұлт намысын қорғауға, Отанның құрметтеуге, ұлт арасындағы татулық пен ынтымақтастыққа үйретуге шақырады.

2. "Жалағаш ауданының құрметгі азаматы" атағын беру
жөніндегі негізгі талаптар

      
      2. "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі-атақ)
өмірбаяны Жалағаш ауданының тарихымен тікелей байланысты азаматтарға,
сонымен қатар оның тұрғындарына, Республикаға, облысқа және ауданға
төмендегідей сіңірген еңбектері үшін:
      1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде батырлық көрсетіп ерлік жасағандарға, сонымен қатар бейбітшілік кезінде өздерінің кәсіптік міндеттері мен азаматтық парыздарын өтеуде жеке ерлік көрсеткендерге;
      2) Қазақстан республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері-"Алтын Қырап" ордені, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен марапатталғандарға, егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, ауданның экономикасы мен мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосқандарға, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін айрықша көрсеткен, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
      3) аудан көлемінде әлеуметтік, ғылым, білім беру мен ауылшаруашылығы салаларын дамытуға, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін енгізуде және белсенді қоғамдық қызметте халықтың мәдени-рухани дамуына ерекше еңбек сіңірген азаматтарға;
      4) аймақтағы қоршаған ортаны қорғау, аудан тұрғындарын сауықтыруға, емдеу-профилактикалық жұмыстарының кәсіби экономикалық және тиімді түрлерін енгізгені үшін үлес қосқандарға;
      5) көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын халық шығармашылық көрмелерінің, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарының дипломанттарына;
      6) заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін және әскери міндетін орындау кезінде айрықша көзге түскен қызметкерлерге;
      7) әлем ареналарында Отан спортының атағын шығарған республика мен дүниежүзілік чемпионаттардың және олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне;
      8) Қазақстан Республикасының жас ұрпақтарын азаматтылық,
мәдениеттілік пен патриоттық сезімде тәрбиелеуге, сонымен қатар білім
сапасын жақсартып, жоғарылатуға және жетілдіруге ерекше еңбек сіңірген адамдарға беріледі.
      Бұл ретте Үкімет тарапынан алынған бұрынғы Кеңес Одағының батыры, Социалистік Еңбек ері атақтары, медальдары, Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген белгілері, Парламент және облыстық, аудандық мәслихаттарға депутаттығы, т.б. атақтары ескеріледі.
      3. Атақ осы ауданда туып-өсіп, аудан мектептерінде дәріс алған, еңбек етіп, кейіннен басқа жерде қызмет атқарған немесе ғылым саласында Республика көлеміне танымал болған зиялы адамдарға, мемлекет қайраткерлеріне, сонымен қатар шетел азаматтарына олардың ерекше еңбектері үшін айрықша құрмет белгісі ретінде берілуі мүмкін.

3. "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру тәртіптері

      
      4. Атақ беруге кандидатураларды меншік нысанына қарамастан еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, ынталы топтар және аудандық мәслихат депутаттары (депутаттардың жалпы санының үштен бірінен кем болмауы тиіс) ұсына алады.
      Өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтініштер қабылданбайды және қаралмайды.
      5. Атақ беру жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшін аудан әкімі жанынан "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Комиссияның қызметін аудан әкімі белгілейді.
      6. Аудандық мәслихатқа атақ беру жөніндегі ұсынысты аудан әкімі енгізеді.
      7. Аудандық мәслихатқа аудан әкімінің ұсынысымен қатар, мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) комиссия шешімі;
      2) еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер мен ынталы топтар жиналыстарының хаттамасы, аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы;
      3) өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық және басқа да қызметіндегі нақты зор еңбектері көрсетілген мінездеме;
      4) ерекше қызметін растайтын тиісті құжаттар, мемлекеттік наградалар тізімі;
      5) кандидаттың өмірбаяны;
      6) 3 х 4 форматтағы 2 дана фотосуреттері.
      8. Аудан әкімінің ұсынысы аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала қаралып, аудандық
мәслихаттың сессиясына ұсынылады.
      9. Атақ беру туралы шешім аудандық мәслихат сессиясында әрбір ұсынылған кандидат бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      10. Атақ беру туралы шешімнің қабылдануы мен мәселенің қаралуына осы атаққа ұсынылған үміткер тұлғаның қатысуы міндетті емес.
      11. Атаққа лайықты тұлғалар "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" айрықша белгісімен марапатталады.
      12. Атақ алушыға тапсырылады:
      1) куәлік;
      2) төсбелгі.
      13. "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" куәлігі мен төсбелгісін салтанатты түрде аудан әкімі және мәслихат хатшысы тапсырады.
      14. Атақ екі мәрте қайталап берілмейді.

4. Қорытынды ережелер

      
      15. Құрметті атақ бойынша шығындарды қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебімен жүргізіледі.
      16. Жалағаш ауданының құрметті азаматы ауданның барлық меншік түріндегі мекемелердің, ұйымдардың салтанатты жиналыстарында мерекелік шараларда құрметті қонақ ретінде қатысуына құқығы бар.
      17. Құрметті азаматтың мекен-жайы немесе жұмыс орнына арнайы белгі тақта орнатылуы мүмкін.
      18. Атақты иеленуші қоғамдық теріс пікір туғызатын моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін қандай да бір іс-әрекеттер жасап, құрметті атаққа кір келтірмеуі тиіс.
      19. Атақтың иесі қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық
мәслихаттың шешімімен "Жалағаш ауданының құрметті азаматы" атағынан
айырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады