Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы, 37 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын және аудан әкімі жанындағы ономастика комиссиясы мәжілісінің 2008 жылғы 14 мамырдағы N 1 хаттамасын орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Қаратөбе ауылдық округіндегі "Мәдениет" көшесі Еңбек ардагері "Болдықова Нағима Емішқызы" атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі О.Дүйсеев