Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу нұсқаулықтарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімиятының 2008 жылғы 08 тамыздағы N 180 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 19 қыркүйекте N 10-9-62 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 1322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.01.28 N 1322 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасы мен 37 бабының 8 тармағын және 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңынбасшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу нұскаулығы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік Еңбек Ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған азаматтардың қайтыс болған жағдайда жерлеуге көрсетілген қызметке әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу нұсқаулығы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға шаштараз бен монша қызметі үшін әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу нұсқаулығы N 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Аудандағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлерге аудандық атқарушы органдарының шешімі бойынша аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек беру нұсқаулығы N 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      5. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы "Кеңес Социалистік Республикалар Одағы" ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға шаштараз бен монша қызметі үшін және "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатгалған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған зейнеткерлерғе аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек беру нұсқаулығы N 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      7. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы "Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу тәртіптерін бекіту туралы" N 21 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Сермағамбетовке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    Н. Нәлібаев

2008 жылғы 8 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілген
1-қосымша

Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу
нұсқаулығы

      "Шиелі аудандық мәслихаттың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламаға сәйкес азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті тағайындау мен төлеу ережелерін осы нұсқаулық белгілейді.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдаймен үйі жойылып үйсіз қалған, республиканың облыстарынан және басқа республикалардан келген белгілі тұрағы жоқ, тәуелсіз мемлекеттер достастығының шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайтару үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға, темір жол көлігіндегі плацкарт вагонына бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бір жолғы материалдық көмекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде тағайындайды және төлейді.
      2. Күтпеген жағдайларға душар болған азаматтардың көмек алуға тапсырған құжаттарын комиссия қарап, бір жолғы көмектің мөлшерін анықтап және көмектің қажет екендігіне шешім шығарады.
      3. Комиссия құрамына аудандық төтенше жағдай, ішкі істер бөлімі, кеңес беру диагностикалық емханасы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері енгізіледі.
      4. Комиссия құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жою мен қайта құру жұмыстары аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

2. Қажетті құжаттар тізімі

      Материалдық көмек тағайындауға құқығын растайтын құжаттар болып табылатындар:
      а) жеке куәлік;
      б) тұрғылықты жерінен жанұясы туралы анықтама;
      в) салық төлеушінің тіркелу нөмері;
      г) жинақ кітапша;
      д) комиссия шешімі;
      е) күтпеген жағдайда душар болғандығын растайтын құжат (Құжаттарсыз қалғандар);

3. Материалдық көмек мөлшері

      Бір жолғы материалдық көмек бюджетте қаралған қаржы көлемінде әр жанұя мүшесіне тиісті қаржы жылына белгіленген қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін көрсетіледі.

4. Материалдық көмектің төленуі

     1. Материалдық көмек аудандық бюджет қаржысы есебінен аудандық Ұлттық банк берген лицензиясы бар мекемелер арқылы төлем жүргізіледі.
      2. Құжаттарсыз қалған жағдайда:
      а) Тұрғын үй өртенген немесе басқа жағдайда үйі жойылып, үйсіз
қалған азаматтарға төлем сеніп тапсырған туысқандары арқылы жүргізіледі.
      б) Басқа республикадан келген белгілі тұрағы жоқ, тәуелсіз
мемлекеттер достастығының шиеленіскен жерлерінен қашып келген босқын
азаматтарға төлем аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі арқылы жүргізіледі.

2008 жылғы 8 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілген
2-қосымша

"Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік
Еңбек Ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен
мүгедектерге жерлеуге көрсетілген қызметке әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу нұсқаулығы.

      Осы тәртіп "Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік Еңбек Ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге жерлеуге көрсетілген қызметке тағайындалатын және төленетін әлеуметтік көмек нұсқаулығы белгілейді.

1. Жалпы шарттары

      1. Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Социалистік Еңбек Ері Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге жерлеуге әлеуметтік көмекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды және төлейді.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осындай жағдайлар туындаған кезде азаматтың жанұясына, жанұясы болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастыруды жауапкершілігіне алған адамға әлеуметтік көмекті көрсетеді.

2. Қажетті құжаттар тізімі

      Материалдық көмек тағайындауға қажетті құжаттар болып табылатындар:
      а) аудандық әділет басқармасынан қайтыс болғаны жөнінде анықтама;
      б) орден және медальмен марапатталғаны жайлы құжат, Ұлы Отан
соғысының қатысушысы немесе мүгедектік куәлігі;
      в) әлеуметтік көмекті алатын адамның жеке куәлігі;

3. Әлеуметтік көмек мөлшері

      1. Әлеуметтік көмек бір мәрте 50000 теңге көлемінде көрсетіледі.
      2. Қажет болған жағдайда аудан әкімінің кейбір шешімдері бойынша жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтарға ескерткіш немесе бюст орнатуға қаржы қарастырылуы мүмкін.

4. Материалдық көмектің төленуі

      1. Материалдық көмек аудандық бюджет қаржы есебінен Ұлттық банкі берген лицензиясы бар мекемелер арқылы төлем жүргізіледі.
      2. Төлем қайтыс болған күннен бастап бір жыл мерзім ішінде жүргізіледі.

2008 жылғы 8 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілген
3-қосымша

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, шаштараз бен монша қызметі үшін әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және
төлеу нұсқаулығы.

1. Жалпы шарттары

      Осы тәртіп кейбір санаттағы азаматтарға аудандық бюджеттен әлеуметтік көмектің тағайындау мен қаржыландыру нұсқаулығын белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы

      Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтар: Ұлы Отан соғысына қатысқандығы жөнінде куәлігі бар азаматтар.

З. Жәрдемақы мөлшері

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне шаштараз бен монша қызметі үшін айына 500 теңге жәрдемақы төленіп отырады.

4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      Әлеуметтік көмекті арызшы берілген айынан бастап тағайындау ұсынылады.
      Әлеуметтік көмек алуға құқы бар азамат көмекті тағайындау жөнінде арызды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттармен қоса тапсырады.
      а) жеке куәлік көшірмесі;
      б) тұрғылықты жерін айқындайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      в) Ұлы Отан соғысына қатысқандығы жөнінде куәлігі;
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде себебін түсіндіріп, құжаттарын қайтару керек.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әрбір алушыға салымның бет-есеп нөмірі, төл құжатының мәліметтері, мекен-жайы және тағайындалған әлеуметтік көмектің сомасын көрсетілген істі жасап жүргізеді.
      Әлеуметтік төлемдердің тағайындалуының дұрыстығына бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

2008 жылғы 8 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілген
4-қосымша

Аудандағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлерге аудандық атқарушы органдарының шешімі бойынша аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек беру
Нұсқаулығы

1. Жалпы шарттары

      Осы нұсқаулық аудандық атқарушы органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға аудандық бюджеттен әлеуметтік көмектің тағайындау мен қаржыландыру нұсқаулығын белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы

      Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек алу құқы бар азаматтар: басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлер.

3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      Әлеуметтік көмекті арызшы берілген айынан бастап тағайындау ұсынылады.
      Әлеуметтік көмек алуға құқы бар азамат көмекті тағайындау жөнінде арызды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттармен қоса тапсырады.
      а) Өтініші;
      б) жеке куәлік көшірмесі;
      в) зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
      г) есеп шоты
      Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар он күндік мерзімде қаралады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде себебін түсіндіріп, құжаттарын қайтару керек.
      Әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта қаралып тұрады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған шешімге Заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайта қаралуға наразылық жасауға болады.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әрбір алушыға салымның бет-есеп нөмірі, төл құжатының мәліметтері, мекен-жайы және тағайындалған әлеуметтік көмектің сомасын көрсетілген істі жасап жүргізеді.
      Әлеуметтік төлемдердің тағайындалуының дұрыстығына бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

4. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмектің төлеу
нұсқаулығы.

      Әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылы осы мақсаттарға қаралған бюджет есебінен жүзеге асырады. Әлеуметтік көмек Ұлттық банк берген лицензиясы бар мекемелер арқылы келісімге сәйкес төленеді.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бар мәліметтер негізінде әр айдың 25-не дейін, әлеуметтік түрлері Ұлттық банк берген лицензиясы бар мекемелер бойынша кешіктірмей, жолдайды.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келісімге сәйкес белгіленген өтемақы сомасын Ұлттық банк берген лицензиясы бар мекемелер есеп шотына аударады.
      Әлеуметтік төлем аяқталған ай үшін және әлеуметтік төлем алу құқы пайда болған кезден бастап, әлеуметтік төлем тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі.
      Осы нұсқаулықтың күші бірге тұратын екі және одан да көп адамдарға қолданылатын жағдайда, әлеуметтік төлем олардың әрқайсысына беріледі.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне, аудандық бюджеттің шығыс бөлігін анықтау мақсатында аудандық қаржы бөліміне төленетін әлеуметтік төлем есебін тапсырып отырады.

5. Әлеуметтік төлем мөлшері

      Аудандағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге айлық есептік көрсеткіштің 1,0 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

6. Әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылуы

      Әлеуметтік көмек тағайындалуға құқығы жоғалса немесе алушы қайтыс болған жағдайда төлемі тоқтатылады.

2008 жылғы 8 тамыздағы
N 180 қаулысымен бекітілген
5-қосымша

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы "Кеңес Социалистік Республикалар Одағы" ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға шаштараз бен монша қызметі үшін және "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған, аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек беру нұсқаулығы

1. Жалпы шарттары

      Осы нұсқаулық аудандық атқарушы органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға аудандық бюджеттен әлеуметтік көмектің тағайындау мен қаржыландыру нұсқаулығын белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы

      Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтар: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері, "Кеңес Социалистік Республикалар Одағы" (КСРО) ордендері мен медальдарымен, "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған зейнеткерлер.

З. Жәрдемақы мөлшері

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы "Кеңес Социалистік Республикалар Одағы" (КСРО) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға әлеуметтік көмек мөлшері айына 500 теңге.
      "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған зейнеткерлерге айына айлық есептік көрсеткіштің 1,9 пайызы;
      Жәрдемақы тиісті жылға қабылданған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне қарай төленіп отырады.

4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      Әлеуметтік көмекті арызшы берілген айынан бастап тағайындау ұсынылады.
      Әлеуметтік көмек алуға құқы бар азамат көмекті тағайындау жөнінде арызды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттармен қоса тапсырады.
      а) жеке куәлік көшірмесі;
      б) тұрғылықты жерін айқындайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      в) Қазақстанның құрметті атағын алған құжаттары немесе марапатталған медалдарының кітапшасының көшірмесі;
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде себебін түсіндіріп, құжаттарын қайтару керек.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әрбір алушыға салымның бет-есеп нөмірі, төл құжатының мәліметтері, мекен-жайы және тағайындалған әлеуметтік көмектің сомасын көрсетілген істі жасап жүргізеді.
      Әлеуметтік телемдердің тағайындалуының дұрыстығына бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

      
Күтпеген жағдайларға душар болған азаматтардың көмек алуға тапсырған құжаттарын зерттеп, тиісті шешім қабылдайтын комиссия
ҚҰРАМЫ

      1. Сермағанбетов Серік Сағитжанұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

      2. Сәрсенбаев Айдарбек - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

      3. Сейтжапбарова Айнаш Кембілбайқызы - мүгедек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы;

      4. Исмайлов Уалихан Кенжебаевич - аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары, комиссия мүшесІ (келісімімен);

      5. Нуршаев Кайрат Толғанбаевич - аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі, комиссия мүшесі (келісімімен);

      6. Рашбаева Раиса - аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының бас дәрігері, комиссия мүшесі (келісімімен);

      7. Төлегенов Жақсылық - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі;

      8. Дана Аман Смаханұлы - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады