Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кентінде N 23 геологиялық барлау экспедициясы елді мекеніндегі атау берілмеген көшеге, еңбек ардагері, N 97 "Бәйгеқұм" кәсіптік техникалық училищесін 1964-1974 жылдары аралығында басқарған, ардагер-ұстаз Ыбырайхан Нәлібайұлының есімі берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1102 Шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1102 Шешімімен.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.
Кент әкімі М.Молдабаев