Жөлек ауылындағы кейбір көшелерге есім беру туралы

Жаңа

Жөлек ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 11 шешімі. Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 15 желтоқсанда N 10-9-73 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2008 жылдың 18 қаңтардағы N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Жөлек ауылының Дүйсенбай Нысанбаев көшесі Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің үздігі Мақұлбек Рүстемовтың есімімен қайта аталсын.
      2. Жөлек ауылындағы Бабабек көшесімен қиылысқан аты жоқ көшеге Дүйсенбай Нысанбаевтың есімі берілсін.
      3. Жөлек ауылындағы жаңа мешіт ғимараты орналасқан аты жоқ тұйық көшеге ауданның дамуына зор үлесін қосқан Қадырберген Құдайбергеновтың есімі берілсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 11.02.2008 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.

      Жөлек ауылдық округі әкімі                         Б.Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады