"Шеген Қодаманов ауылындағы жаңадан салынған көшелерге есім беру туралы"

Жаңа

Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 121 шешімі. Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 31 желтоқсанда N 10-9-74 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2005 жылдың 19 сәуіріндегі N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылының "Сары-Жақып" бетіндегі жаңадан ашылған көшеге елге еңбегі сіңген, соғыс және еңбек ардагері Сейтқали Арыстановтың есімі берілсін.

      2. Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылының "Сары-Жақып" бетіндегі жаңадан ашылған көшеге елге еңбегі сіңген, соғыс және еңбек ардагері Нұртай Қорғанбаевтың есімі берілсін.

      3. Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылының солтүстік бетінен жаңадан ашылған көшеге елге еңбегі сіңген, соғыс және еңбек ардагері Әнуарбек Сапаховтың есімі берілсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.07.2005 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.

      5. Осы шешім орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.

      Ауылдық округ әкімі                                  О.Садықов

      

Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің
хаттамасы

      Шиелі кенті              N 1                 19 сәуір 2005 жыл

      Қатысқандар:
      Д.Аман - аудандық ономастикалық комиссия төрағасы
      А.Айып - "Өскен өңір" газетінің редакторы, комиссия төрағасының орынбасары
      Б.Сейілханов - комиссия хатшысы
      

      Мүшелері:
      С.Оразымбет - аудандық мәслихат хатшысы
      Ғ.Аманжолов - кент әкімі
      Н.Палымбет - аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі
      С.Ізтілеуов - ардагер
      К.В.Хван - ардагер
      Н.Қасымов - ардагер

Күн тәртібінде:
 
 

      1. Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі "Елді мекендегі аты жоқ көшелерге ат беру жайлы" N 3 шешімі

Тыңдалды:

      Мәжілісті жүргізген аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының Д.Аман күн тәртібіндегі мәселе бойынша Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі "Елді мекендегі аты жоқ көшелерге ат беру жайлы" N 3 шешімімен және осы шешімнің қабылдануына негіз болған Ш.Қодаманов ауылының тұрғындарының қатысуымен өткен 2005 жылғы 9 сәуірдегі жалпы жиналыс хаттамасымен таныстырды. Ауыл әкімінің Ш.Қодаманов ауылындағы бұрынғы аты жоқ көшелерге еңбек және соғыс ардагерлері Ә.Сапаховтың, С.Арыстановтың, Н.Қорғамбаевтың есімдерін жайлы шешімін талқыға салды.

      Б.Сейілханов /комиссия хатшысы/: Есімдерін көшелерге беруге ұсынған еңбек және соғыс ардагерлері Ә.Сапаховтың, С.Арыстановтың, Н.Қорғамбаевтың өмірбаяндарымен таныстырып өтті./ өмірбаяндар хаттамаға қоса тіркеледі/.

      Н.Қасымов /ҰОС ардагері, комиссия мүшесі/: Үстіміздегі жылы ҰОС-дағы Жеңістің 60 жылдығы. Бұл күнге жеткенде бар, жетпегендеріміз қаншама? Соғыс жылдары қан майданда бейбіт күн мен ел тыныштығын сақтап қалу жолында ерлікпен күрескен ерлерімізді ұлықтау-кейінгі ұрпақтың абыройлы борышы әрі парызы. Сондықтан бұл шешімді қуаттаймын және барлық елді мекендерде Жеңістің 60 жылдығы мерекесі қарсаңында осындай іс-шаралардың өткізілуін тілер едім.

      Н.Палымбет /аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі/: Шынында да ҰОС жылдары майдан даласында жаумен шайқасқа түскен ардақты аға ұрпақ өкілдері еді, ал тылдың еңбек майданында қаншама орасан ерліктер болды. Сондықтан да ешкім де, ешнәрсе де ұмытылуға тиіс емес. Көшелерге есімдері берілген бұл кісілер кейінгі ұл-қыздар үшін отансүйгіштік пен елжандылықтың үлгісі болады деп ойлаймын. Ауыл әкімінің шешімін толық қуаттаймын.

      Мұнан кейін сөйлеген комиссия мүшелері де ауылдық округ әкімінің шешімін бір ауыздан қолдады.

      

Аудандық ономостикалық комиссия
Ұйғарымы:

      1. Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі "Елді мекендегі аты жоқ көшелерге ат беру жайлы" N 3 шешімі мақұлдансын.
      2. Облыстық ономастикалық комиссиядан осы ұйғарымды мақұлдау сұралсын.

      Аудандық ономастикалық
комиссияның төрағасы                                     Д.Аман
      Комиссия хатшысы                                   Б.Сейілханов

        

      

      

       

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады