Жаңаөзен қаласы бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/62 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 наурызда N 2004 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 29/355 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010.12.13  N 29/355 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес облыстық мәслихаттың ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жаңаөзен қаласы бойынша жер учаскелері құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға бөлу шекаралары туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/31 шешімі жойылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                    К. Үйсінбаев

      Облыстық мәслихат хатшысы          Б. Шелпеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық жер қатынастары
      басқармасының бастығы
      "____" ________ 2008 ж.

                                   Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы
                                    12 ақпандағы N 4/62 шешіміне
                                             1-қосымша

    Жаңаөзен қаласы бойынша жер учаскелері құнының базалық
   ставкасына түзету коэффициенттері және бағалық аймақтарға
                         бөлу шекаралары

Аймақтар N

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Орта коэф.

I

Қаланың "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", "Өркен" және "Мұнайлы" шағынаудандары

2,0

II

Қаланың "Арай", "Арай-2", "Рахат", "Рахат-2", "Астана" шағынаудандарының тұрғын үй секторы мен Теңге поселкесі

1,6

III

"Рахат-3" шағынауданының тұрғын секторы, Қызылсай селосы

1,2

IV

Өнеркәсіптік аймақ

0,8

V

Ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқа да тәртіпте пайдаланылатын жерлер

-

Аймақтардың сипаттамасы

      Аймақ I
      Селитебті, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, балалар бақшасы, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана кешені, мешіт, базар, қонақ үйлер, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан қаланың көп қабатты тұрғын үйлерін қамтитын "Шаңырақ", "Шұғыла", "Самал", "Көктем", "Өркен","Мұнайлы" шағынаудандары кіреді. 1- аймақта су, газ, электр жүйелері, канализация орталықтандырылған.

      Аймақ II
      Селитебті, қалаға жақын орналасқан жеке тұрғын үйлер секторын қамтитын қаланың "Арай", "Арай-2", "Рахат", "Рахат-2", "Астана" шағынаудандары және Теңге поселкесі кіреді. Екінші аймақтағы шағынаудандарда жалпы білім беретін мектептер мен дүкендер орналасады. Теңге поселкесінде әкімшілік құрылымдар ғимараттары, жалпы білім беретін мектептер, мәдение үйі, пошта, дүкендер орналасады. Бұл аймақта кей жерлерде орталықтандырылған су жүйесі, канализация бар. Тұрғын үй секторы газ және электр жүйесімен қамтамасыз етілген.

      Аймақ III
      Селитебті, жеке тұрғын үй құрылысына арналған аймақ, оның ішінде жер учаскелері жаңадан беріліп жатқан "Рахат-3" шағынауданы және Қызылсай селосы кіреді.

      Аймақ IV
      Өнеркәсіптік аймақ

      Аймақ V
      Ауыл шаруашылық мақсаттағы және басқа да тәртіпте пайдаланылатын жерлер.

Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы
12 ақпандағы N 4/62 шешіміне
2-қосымша
 

(2-қосымшаның суретін қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады