Ауылдық жерге жіберілетін жас мамандарға әлеуметтік көмек белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N 419 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 шілдеде N 2022 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы N 5/68 "Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/24 "2008 жылғы облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімін (Нормативтік құқықтық кесімдерді тізіліміне N 2012 енгізілген) жүзеге асыру үшін, азаматтардың сапалы мемлекеттік қызмет алу жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін жағдай жасау қажеттілігін ескере отырып, ауылдық жерге жіберілетін жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Ауылдық жерге жіберілетін жас мамандарға (бұдан әрі - мамандар) 1000 000 (бір миллион) теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін.

      2. Мамандарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерге кемінде бес жылға жіберілетіндерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі біржолғы көмек болып табылады деп белгіленсін.

      3. Әлеуметтік көмекті төлеу қалалар мен аудандардың бюджеттеріне бөлінген облыстық нысаналы ағымдағы трансферттер шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

      4. Әлеуметтік көмекті тағайындау мамандардың білім туралы құжаттарын зерделеу негізінде конкурстық іріктеу өткізу және әңгімелесу қорытындылары бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      М.М. Әбдірахманов
      Ж.А. Қараев
      С.А. Бермұхамедов
      Е.А. Бектұрғанов
      А. Әбдешұлы

      А.Т. Айдарханов
      Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
      басқармасының бастығы
      _____________
      "06" маусым 2008 жыл

      М.Б. Әлібекова
      Маңғыстау облысының қаржы
      басқармасының бастығы
      _______________
      "12" маусым 2008 жыл

      Қ.Б. Жұмашев
      Маңғыстау облысы білім беру
      басқармасының бастығы
      _______________
      "12" маусым 2008 жыл

      Х.Х. Нұрғалиева
      Маңғыстау облысының экономика және
      бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы
      _______________
      "12" маусым 2008 жыл

      орынд. Г.М. Қалмұратова
      Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы
      _______________
      "12" маусым 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады