Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.02.2009 № 17/159 шешімімен(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 491 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері белгіленсін (қосымша - 1).
2. Ақтау қаласының алаңдары мен магистралдары зоналарға бөлінсін (қосымша - 2 ).
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қалалық мәслихат хатшысы
Е. Қосмағанбетов Ж. Матаев
"КЕЛІСІЛДІ":
Маңғыстау облысы бойынша салық
Комитетінің төрағасы
_________________ А.Теңгебаев
22 мамыр 2008 жыл
Қалалық мәслихаттың
2008 жылы 22 мамырдағы
N 9/90 шешіміне N1 қосымша
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері бір айлық есептеу көрсеткішінде
Р/с |
Жарнама түрлері мен мөлшері |
1 Зона |
2 Зона |
3 Зона |
1 |
Ауданы 2 ш/м көрсеткіштер, маңдайша және ақпараттық тақталар |
4 |
3,2 |
1,6 |
2 |
Ауданы 2-10 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
7 |
5 |
3,3 |
3 |
Ауданы 10-20 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
18 |
14 |
11 |
4 |
Ауданы 20-30 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
23 |
19,7 |
16,7 |
5 |
Ауданы 30-40 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
30 |
23 |
19,7 |
6 |
Ауданы 40-50 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
35 |
28 |
25 |
7 |
Ауданы 50-70 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
40 |
30 |
26 |
8 |
Ауданы 70-100 ш/м жарнамалық тақталар (жерде тұрған, ғимараттардың (үйлердің) жарына немесе төбесіне ілінген) |
50 |
36 |
33 |
9 |
Киоскілер мен павильондарға орнатылған жарнама |
1,5 |
1,3 |
0,9 |
10 |
Дисплейдегі (телевизордағы) жарнама |
50 |
36 |
33 |
11 |
қозғалыстағы (автокөліктегі )жарнама |
7 (Зоналарға тәуелсіз) |
||
12 |
Жарықтағы жүгіртпе жолдағы және жарық көрсеткіштегі жарнама |
Жарнаманың алатын орнына байланысты жоғарыдағы мөлшерлер қолданылады |
Қалалық мәслихаттың
2008 жылы 22 мамырдағы
N 9/ 90 N 2 қосымша
Зонаға бөлінген Ақтау қаласының
алаңдары мен магистралдарының
тізбесі
1. Зона
N 18 көше 29 шағын аудан 10-ші үйден "Ынтымақ" алаңына дейін.
N 3 көше 13 шағын аудан. 25-ші үйден қалалық әкімшіліктің ғимаратына дейін.
N 12 көше 5 шағын аудан 20-ші үйден 6 шағын аудан дейін
N 14 көше 8 шағын аудан 21 үйден "Айби" жанармай станциясына дейін.
2. Зона
N 1 көше
N 3 көше "Ақтау" қонақ үйінен 3а ш/а. 16үйге дейін
N 20 көше
N 21 көше
N 9 көше
N 15 көше
N 16 көше
N 19 көше
3. Зона
"1" және "2" зоналарға кірмеген магистралдар.