Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 22 мамырдағы № 9/90 "Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 17/159 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV жаңа "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты және аталған Кодекстің 530 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1 Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 22 мамырдағы № 9/90 "Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 5 шілдедегі № 104 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Cессия төрайымы Б.Түркпенбаева
      Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады