Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.Мемлекеттік жер-ғылыми өндірістік орталығы Маңғыстау еншілес кәсіпорнының жобасына сәйкес Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селосына қарасты жер бөлігінен Қияқты елді мекенінің аумақтық шекарасы 2728,7 гектар (жайылысы 1391,0 гектар) болып белгіленсін.
2. Жалғанған қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданының Тұщықұдық селосына қарасты жер бөлігінен Қияқты елді мекенінің аумақтық шекарасының сызбасы бекітілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Албытов |
Сессия төрағасы | С.Қапашұлы |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ж.Жапақов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қалиев Есет Өтемісұлы
Аудандық жер қатынастары
бөлімі бастығының м.а.
19 желтоқсан 2008 ж