Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдары негізінде ШЕШЕМІН:
1. 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
2. Шақыру учаскесі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында ұйымдастырылсын.
3. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
1992 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4. "Маңғыстау аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.Абаевқа (келісім бойынша) "Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б.Байназаровқа (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман – дәрігерлерді қатыстыру;
2009 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман – дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2009 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
5. Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Ақшауовқа (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Қуанбаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е.Махмутовқа жүктелсін.
8. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Албытов
КЕЛІСІЛДІ
Байназаров Бәкен Жұманазарұлы
"Маңғыстау аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
22 желтоқсан 2008 ж.
Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
22 желтоқсан 2008 ж.
Абаев Сисемалы Тоқжанұлы
"Маңғыстау аудандық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
22 желтоқсан 2008 ж.
Ақшауов Болатбек Ысқақұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
22 желтоқсан 2008 ж.