Ескерту. Күші жойылды Түпқараған аудандық мәслихатының 2011.10.31 № 41/244 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 - ІҮ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 12 маусым 2001 жылғы № 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің күші жойылуына байланысты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 5 - тармағын және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 1 - 1 тармағын, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 16 қыркүйек 2011 жылғы № 2-13/9588, 19 қыркүйек 2011 жылғы № 2-13/9595 хаттарын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Форт - Шевченко қаласы мен Баутин поселкесінің базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Салық салу мақсатында аймақтарға бөліп бағалау схемасы бекітілсін (қосымша N 1)
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
Г.Шалабаева А.Досанова
"КЕЛІСІЛДІ":
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы Н.Худибаев
12 желтоқсан 2008 жыл
Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімінің бастығы
Е. Рзаханов
12 желтоқсан 2008 жыл
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша
(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 2 қосымша
Форт-Шевченко қаласы және Баутино поселкесі
жерлерінің аймағын сипаттау және салық салу
мақсатындағы түзету коэффициенттері
АймақN | Аймаққа енетін шағын аудандар мен басқа да әкімшілік құрылымдар | Салық салу мақсатындағы коэффициенттер |
---|---|---|
1 |
Теңіз жағалауы, Баутин кенті Аташ елді мекені |
1,5 |
2 |
Өнеркәсіп жерлері |
1,5 |
3 |
Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласының орталығы) |
1,4 |
4 |
Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласының жаңа құрылысы) |
1,3 |
5 |
Жол шетіндегі белдеулер (аудандық маңызы бар автокөлік жолдары) 100,0м-ден екі жаққа |
1,0 |
6 |
Резервтегі аймақ-1 |
0,5 |
7 |
Резервтегі аймақ-2 |
0,5 |
8 |
Резервтегі аймақ-3 |
0,5 |
Ескерту: Баутин поселкесі мен Аташ елді мекені бойынша поселке ставкасы қолданылсын.
Аймақтардың сипаты.
1 - ші аймақ – теңіз жағалауы, Баутин поселкесі және Аташ елді мекені. Теңіз жағалауының ені 1 км, солтүстік-батыс бөлігінде теңіз жағалауының шекарасы арқылы өтеді.
Баутин поселкесінің әкімшілік – қоғамдық ғимараттарын жылумен, сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған. Баутин поселкесінде екі мектеп, техколледж, емхана, жұқпалы ауруларға арналған аурухана, бала-бақша, қонақ үйлер, спорт алаңдары бар.
2 - ші аймақ - өнеркәсіптік.
3 - ші аймақ – селитебтік, қаланың орталық бөлігінде Әбдіхалықов, Жамбыл, Алиев, Таджиев, Тұрмағанбетұлы, Ж.Мыңбайұлы, Т.Әлниязұлы, Шымыров, Қызылбаев, Х.Бекжанов, Үргенішбайұлы, И.Жанбулатов көшелері енеді. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, ән мектебі, спорт мектебі, спорттық алаңдар, бала-бақшалар, жастар үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана қалашығы, мешіт, церковь, базар, қонақ үйі, екі мұражай, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Форт - Шевченко қаласының әкімшілік - қоғамдық ғимараттары сумен, жылумен, канализациямен орталықтандырылған.
4 - ші аймақ – селибтік, жер учаскелері жаңадан игеріліп жатқан жеке құрылыс аймағы.
5 - ші аймақ – аудандық маңызы бар автокөлік жолдары кіретін жол шетіндегі белдеулер (100,0м-ден екі жаққа).
6 - шы аймақ – резервтік аймақ - 1
7 - ші аймақ – резервтік аймақ - 2
8 - ші аймақ – резервтік аймақ - 3