Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» N 74 Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Мұнайлы ауданының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан ересек жастағы азаматтарды тіркеуді өткізсін.
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тіркелуге жататын азаматтарды Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты, қажетті уақытқа, жасөспірімдерді міндеттерін орындау үшін, жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім О. Қазақбаев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Ақтау қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы бастығы
Ж.С.Дюсенов
25 желтоқсан 2008 ж.