2009 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 241 қаулысы. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 11-7-33 тіркелді

      Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қазандағы N 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңдарына сәйкес және Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыздағы N 46-Қ «Мұнайлы аудандық халықты жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері мен мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім    О.Қазақбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы
      Ж.К.Тұманбаева ___________
      «____»  ____________ 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады