Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 51 қаулысы. Қостанай облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 ақпанда № 3596 тіркелді. Күші жойылды Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысымен 

       Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 267 шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау yшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, табысы төмен отбасылардан шыққан, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      жоғары оқу орындарының 20 студентіне - 2008 жылдың ақпан айында 2008 жылдың қаңтар айы үшін 10000,0 теңге мөлшерінде;
      кәсіптік орта оқу орындарының 18 студентіне - 2008 жылдың ақпан айында 2008 жылдың қаңтар айы үшін 5800,0 теңге мөлшерінде;
      жоғары оқу орындарының 20 студентіне - 10000,0 теңге мөлшерінде ай сайын 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін;
      кәсіптік орта оқу орындарының 18 студентіне - 5800,0 теңге мөлшерінде ай сайын 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін;
      педагогикалық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 60 студентіне 2008 жылы 120000,0 теңге мөлшерінде;
      медициналық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 60 студентіне 2008 жылы 263000,0 теңге мөлшерінде;
      педагогикалық мамандықтары бойынша 2007-2008 жылдары оқуға түскен жоғары оқу орындарының 40 студентіне 2008 жылы 60000,0 теңге мөлшерінде;
      медициналық мамандықтары бойынша 2008 жылы оқуға түскен жоғары оқу орындарының 20 студентіне 2008 жылы 132000,0 теңге мөлшерінде.

      2. "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.

      3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Қостанай облысының ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесіне білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      4. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 78 "Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету және талантты жастарға мемлекеттік қолдауды көрсету туралы" (2007 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттік тіркеу номері 3566, 2007 жылғы 13 наурыздағы N 31 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, 2007 жылғы 13 наурыздағы N 36 "Костанайские новости" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімінің
      міндеттің атқарушы

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады