"Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру Ережесін бекіту туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 281 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 5 маусымда N 3638 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.08.06 № 278 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 27-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 1303 қаулысымен бекітілген Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсіміне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың  тізбесінің 17-тармағына  сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру Ережесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1  қаулысына  (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3300, 2005 жылғы 2 ақпандағы N 12 "Қостанай таңы", 2005 жылғы 15 ақпандағы N 23 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды; өзгерістер енгізілді: "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру Ережесін бекіту туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 380  қаулысымен , мемлекеттік тіркеу нөмірі 3525, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 150 "Қостанай таңы", 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 179 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды; "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлкін жалға беру Ережесін бекіту туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 15
қаңтардағы N 34  қаулысымен , мемлекеттік тіркеу нөмірі 3564, 2007 жылғы 2 ақпандағы N 15 "Қостанай таңы", 2007 жылғы 7 ақпандағы N 19 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

       Ереженің 2-тармағында  "Қостанай облысының қаржы департаментіне" деген сөздер "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын,
      одан әрі мәтін бойынша "Департамент, Департаменттің, Департаментпен" деген сөздер "Басқарма, Басқарманың, Басқармамен" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Ереженің 3-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың балансында тұрған үй
жайларға мемлекеттік мекемелерді орналастыру, олардың ведомстволық тиесілігіне қарамай,
теңімен оларға бекітілген (жылжыйтын, жылжымайтын) басқа мүлікті пайдалану, мүдделі мемлекеттік мекеменің баланс ұстаушысының жазбаша келісімін ұсынғаннан кейін Басқарма немесе аудан, қала әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Басқарма немесе аудан, қала
әкімімен және мүдделі мемлекеттік мекеме арасында балансұстаушының келісімі бойынша коммуналдық қызметке, объектіге қызмет көрсету төлемдер тәртібін көздейтін өтеусіз пайдалану шарты жасалады.";

      Ереже мынадай мазмұндағы  3-1 тармағымен  толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық денсаулық сақтау кәсіпорындардың балансында тұрған үйжайларға мемлекеттік коммуналдық қазыналық денсаулық сақтау кәсіпорындарын орналастыру, теңімен оларға бекітілген (жылжыйтын және жылжымайтын) басқа мүлікті пайдалану, мемлекеттік басқару органының  өтеусіз пайдалану шарты негізінде, мүдделі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны баланс ұстаушысының жазбаша келісімін
ұсынғаннан кейін басқарма немесе аудан, қала әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

       Ереженің 9-тармағы  алынып тасталсын;

       Қосымшасы  мынадай бағандармен толықтырылсын: 

Шарт
жасау
уақтынан
барлық
төленгені

Ағымдығы жылдың
есептіден
кейiнгi айдың
1-күніне
төленгені

Ағымдығы жылдың  есептіден кейiнгi
айдың 1-күніне
берешегі (артық
төлем) 

Ағымдығы жылдың
есептіден кейiнгi
айдың-күніне
есептелген өсім,
айыппұлсанкциялар 





27

28

29

30

      2. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру үлгі шарты бекітілсін (қоса беріліп отыр ).

      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі 

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Қостанай облысы әкімдігінің   
2008 жылғы 12 мамырдағы N 281 
қаулысымен бекітілген         

Мемлекеттік коммуналдық мүліктің бірыңғай жалгерлік шарты

________қаласы (кенті)        N__          "__"________200_ж.      

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әрекет жасайтын бұдан әрі Жалға беруші деп аталатын Қостанай облысы _________________ ауданының (қаласының) әкімі __________________________
_______________ , бір тараптан ___________________________________ негізінде әрекет жасайтын, бұдан әрі Жалға алушы деп аталатын ___________________________________ , екінші тараптан мына төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

  1. Шарттың мәні

      1.1. Жалға беруші тапсырады, ал Жалға алушы ________________________________________
_______ мекенжайы бойынша орналасқан, жалп көлемі ____________________ шаршы метр ________
____ пайдалану үшін _____________________________________ мемлекеттік коммуналдық мүлік объектісін жалға алады.
      1.2. Жалға алушы жалгерлік ақыны айына _____________________________________________
_____________ көлемінде __________________ төлейді. 
      1.3. Шарттың жалпы сомасы __________________________________ теңге. 
      1.4. Шарттың әрекет жасау мерзімі 200_ жылғы _________ бастап 200_ жылғы ___________ дейін.

  2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Жалға беруші:
      1) көрсетілген объектіні қабылдау-табыстау актісі бойынша Жалға алушыға осы Шартқа
қол қойылғаннан кейін бес күн ішінде тапсыруды Баланұстаушысына жүктеуге;
      2) Шарттың әрекет жасайтын бүкіл уақытында объектімен пайдаланылуға Жалға алушыға тосқауыл жасамауға міндетті.
      2.2. Жалға беруші:
      1) тоқсанда бір реттен жиі емес тапсырылған объектінің жайын және Жалға берушінің шарттағы міндеттерін орындауын тексеруге құқылы;
      2) бюджетке жалгерлік ақы төлеу түсімдерін бақылауды үнемі жүзеге асыруға міндетті.
      2.2. Жалға алушы:
      1) Баланс ұтаушыдан қабылдау-табыстау актісі бойынша көрсетілген объектіні алуға;
      2) объектіні осы Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген мақсаттарға сай пайдалануға;
      3) осы Шарттың 1.2.-тармағында көрсетілген есептік айдан кейінгі 1-сінен кешіктірілмей ай сайын жалгерлік ақыны төлеуге, бенфициар-банкке - Астана қаласының
Қазынашылық комитеті, ДСК (шот) 000080900, Бк 11, БСК 19530170, бенифициар - _________________ бойынша салық, СТН __________________, төлемнің бағытталған коды 979, бюджеттік сыныптама коды - 201504 (коммуналдық меншікті жалға беруден түскен түсімдер);
      4) мүлікті техникалық дұрыс жағдайда ұстауға, бұзылуына, сынуына, объектінің және оған қатысты инженерлік байланыстардың жоғалуына жол бермеуге, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      5) өз қаражаты есебінен техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді жүргізуге;
      6) объектіні ұстау жөніндегі барлық шығындарды өз бетінше төлеуге, қызмет
ұсынушылармен тиісті Шарттар жасасуға;
      7) Жалға берушінің жазбаша келісімінсіз қайта жоспарлаумауға немесе объектіні және оның ішіндегі желілер мен байланыстарды қайта жабдықтамауға;
      8) объектіні үшінші тұлғаларға қосалқы жалгерлікке және сенімгерлік басқаруға бермеуге;
      9) Жалға берушінің өкілдерін тексекріс жүргізу үшін кедергісіз жіберуге:олармен айқындалған жетіспеушіліктерді уақытында дұрыстауға;
      10) Шарттың әрекет жасау мерзімі аяқталғанда немесе шарт бұзылған жағдайда объектінің дұрыс жағдайда табиғи тозуды ескере отырып Жалға берушіге немесе онымен көрсетілген тұлғаға объектіні тапсыруға міндетті;
      11) Шарттың әрекет жасау мерзімі өткен соң объектіні пайдалануын жалғастырған жағдайда, Жалға беруші жағынан қарсылық болмаған кезде объектіні нақты пайдаланған уақыты үшін жалгерлік ақы төлеуге;
      12) объектінің балансұстаушысы салық міндеттемелерін орындауы болып табылатын жалға алып отырған объектіге мүліктік салық төлеу жүргізуге.
      2.4. Жалға алушы:
      1) Шартпен көрсетілген тәртіпте жалға алған мүлікті пайдалануға;
      2) өз бетінше шаруашылық қызметті жоспарлауға және жүргізуге;
      3) Жалға берушінің келісімімен жалгерлік төлем бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

  3. Тараптардың жауапкершіліктері

      3.1. Жалға берушінің жауапкершілігі:
      1) Балансұстаушы объектіні уақытында тапсырмаған жағдайда немесе Жалға берушінің кінәсі бойынша объект пайдаланылмаған жағдайда Жалға алушы Шарттың әрекет жасау мерзімін тиісті мерзімге ұзартуға құқылы.
      3.2. Жалға алушының жауапкершілігі:
      1) жалгерлік төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда Жалға алушы өткізіп алған әр күні үшін жергілікті бюджетке 0,2 пайыз мөлшерінде өсімақы төлейді;
      2) Жалға алушы жалгерлік төлемді қатарынан екі рет төлемеген жағдайда Жалға беруші осы шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы;
      3) Жалға алушы Шарттың 2.3.-тармағында (2,3,4,5,6,7,8 т.т.) көрсетілген тәртіпті бұзған жағдайда Жалға беруші пайдаланбаған мерзімдегі жалдық төлемді қайтармай осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
      3.3. Әр тарап екінші тараптқа тигізген залал үшін толық материалдық жауапкершілкке тартылады.
      3.4. Айыптық санкцияларды төлеу тараптарды шарттық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

  4. Ерекше шарттар

      4.1. Осы Шарт жасасқан күнтізбелік айға төлентенін жалгерлік төлем оны жасасқан күннен бастап 10 күн ішінде аударылады; келесі төлемдер 2.3.-тармағына сәйкес (3 т.т.) жүргізеді.
      4.2. Осы Шарт қаланың (ауданның) қаржы бөлімдерінде тіркелуі тиіс.
      4.3. Егер Жалға алушы мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік мекеме  немесе МКҚК болып табылса, онда Шарт Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және екі тарапқа да міндетті болып табылады.
      4.4. Осы шарт кез келген тараппен мерзімінен бұрын бұзыла алады, бірақ екінші тарапты бір ай бұрын жазбаша нысанда мәлімдеуге тиіс (3.2. - тармақта (2 т.т.) көрсетілген жағдайлардан басқа).
      4.5. Бір жылдан жоғары мерзімге жасалған Шарт мемлекеттік тіркеуге жатады. Шарттың тіркелуі Жалға беруші есебінен жүзеге асырылады.
      4.6. Балансында мемлекеттік коммуналдық мүлік объектісі бар коммуналдық заңды тұлға (балансұстаушы) объектіні мақсатты тағайындауының сақталуын және оның ақталуын бақылауды жүзеге асырады.

  5. Басқа шарттар

      5.1. Осы Шартта реттелмеген даулар заңда белгіленген тәртіпте шешіледі.
      5.2. Осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар екі тараптың қол қойылғанынан және қаланың (ауданның) қаржы бөлімінде тіркелгеннен кейін заңды күші бар.
      5.3. Осы Шарт төрт данада жасалып, бір данасы - Жалға берушіге, екінші данасы - Жалға алушыға, үшінші данасы - объектіні балансұстаушыға берілген.

  6. Тараптардың заңды деректемелері


Жалға беруші:
_______________________________
_______________________________
мекенжайы:
_______________________________
ДСК____________________________
БСК____________________________
СТН____________________________
__________          __________
 (қолы)             (аты-жөні)
             м.о.

Жалға алушы:
_______________________________
_______________________________
мекенжайы:
_______________________________
ДСК____________________________
БСК____________________________
СТН____________________________
__________          __________
 (қолы)             (аты-жөні)
             м.о.

                           "Келісілді"
Баланс ұстаушы: ________________________________ 
                              Басшы
                ____________         ___________
                   (қолы)             (аты-жөні)
                               м.о.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады