Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.08.06 № 278 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3300, 2005 жылғы 2 ақпандағы «Қостанай таңы», 2005 жылғы 15 ақпандағы «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған, әкімдіктің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 380 "Әкімдіктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3525, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 150 "Қостанай таңы", 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 179 "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Ереженің 6-тармағының 2-абзацындағы "су құбырлары" деген сөзден кейін "және жылу желілері" деген сөздермен толықтырылсын;
Ереженің 37-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Келісім-шарт ауданның (қаланың) қаржы бөлімдерінде тіркелуі тиіс";
Ереже мынадай мазмұндағы 37-1 тармағымен толықтырылсын:«"Қаланың (ауданның) қаржы бөлімдері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін осы Ереженің қосымшасына сәйкес жалға берілген объектілер жөнінде нысан бойынша департаментке есеп береді";
осы қаулының қосымшасына сәйкес Ереже қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.П. Рауға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
Әкімдіктің
2007 жылғы 15 қаңтардағы
N 34 қаулысына қосымша
________________ жағдайы бойынша _________________
(есепті кезеңнің датасы) (ауданның немесе қаланың атауы)
N |
Жалға беру объектісінің атауы |
Баланс ұстаушы |
Жалға алушы |
Жалға берілетін мүліктің мекенжайы |
Жалға берілетін мүліктің техникалық сипаттамасы |
Жалға берілетін мүлікті мақсатты пайдалану |
Баспаға ақпараттық хабарды жариялау датасы |
Конкурсты өткізу датасы |
Шарттың датасы мен нөмірі |
Шарттың колданылу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Таблицанның жалғасы
Ғимарат үшін жалға беру ақысын есептеу |
Негізгі үшін жалға беру ақысын есептеу |
Бір алға жалға беру ақысының сомасы |
Шарттың жалпы сомасы |
Ескерту |
||||||||||
Рп |
Қ1 |
Қ2 |
Қ3 |
S |
PB |
N |
АО |
БС |
СР |
РВ |
N |
|||
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
Ескерту:
К1 - ғимараттың аумақтық керек-жарағын есепке алатын коэффициент;
К2 - Қостанай қаласындағы объектінің орналасқан жерін есепке алатын коэффициент;
К3 - үй-жайдың тұрпатын есепке алатын коэффициент;
S - жалға берілетін аумақ;
РВ - бір жылғы жұмыс уақытының балансы;
N - бір жылғы сағат саны;
АО - амортизациялық аударымдардың сомасы;
БС - баланстық құны;
СР - Қазақстан Республикасы Халық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
РП - жалға беру ақысының базалық ставкасы (1 айлық есепті көрсеткіші).