2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешімге өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N 115 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 тамызда N 3647 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2012.07.19 № 61 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 227 "Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген азаматтарға тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету туралы" шешімге (Мемлекеттік тіркелім тізіліміндегі 2005 жылғы 11 қазандағы нөмірі 3510, "Костанайские новости" 2005 жылғы 18 қазандағы N 144, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 18 қазандағы № 123) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "1. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емдеуге жіберілген Қазақстан Республикасынық азаматтарына, оралмандарға, босқын дәрежесі бар тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұрғылықты бар және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтықтары жоқ тұлғалар мен шетелдіктер үшін, егер отбасының (азаматтық) орташа айлық табысының жиынтығы белгіленген кедейшілік шегінен төмен болса, тегін немесе жеңілдікпен жол жүрулеріне көмек көрсету түрінде (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек белгіленсін.
      Әлеуметтік көмектің осы түріне құқығы бар отбасының (азаматтың) табысына қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссияның шешімі бойынша".

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті, бесінші
      сессияның төрағасы                         Е. Аманжолов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады