Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы N 125 шешімі. Қостанай облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте N 3654 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  38-бабы  5) тармақшасына, "Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)"»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Кодексінің  454-бабы  1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты  ШЕШТІ:

      1.   Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы"»Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N№113 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         А. Жалғасов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

      КЕЛІСІЛДІ

Қостанай облыстық       
мәслихатының            
2008 жылғы 15 тамыздағы 
N 125 шешіміне          
қосымша                 
                        

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі

 №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшеу бірліктері

Төлемақы мөлшерлемесі

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер 

теңге/текше метр

0,041

2

Жылу энергетикасын қоса есептегенде, өнеркәсіп

теңге/текше метр

0,119

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/текше метр

0,033

4

Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары

теңге/текше метр

0,033

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

84,316

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады