Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 799 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 8 мамырда N 9-1-103 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 44 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 64-1-бабы 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына, "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 26 шешіміне (2007 жылғы 26 желтоқсандағы 9-1-93 тіркеу нөмірі) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бюджетті іске асыру мақсатында мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету көзделсін.

      2. Белгіленсін:
      1) тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерге тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-балалардың және бірінші, екінші топтардағы мүгедектердің, сондай-ақ оларды жетектеп жүруші адамдардың құқығы бар;
      2) инфрақұрылым объектілеріндегі қабатаралық тасымалдау көмегі мен жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне (бару және келу) бару үшін Қостанай қаласы аумағы шегінде мүгедектерді көлікпен тасымалдау мүгедектердің пайдалануына бейімделген автомобиль көлігімен жүргізіледі;
      3) "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады;
      4) уәкілетті орган мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өткізеді;
      5) мүгедектерді тегін көлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйым мен уәкілетті органның арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартымен ресімделеді.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі

      Әкімдік мүшелері

      КЕЛІСІЛГЕН 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады