Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 998 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 шілдеде № 9-2-112 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.02.2011 № 141 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7, 19 - баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 "Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-92, 2008 жылғы 4 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде № 1 болып жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулықта:

      9-тармақтың 4)-тармақшасында "тармақшасында көрсетiлген" сөздерінен кейін "6" саны "4" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады