Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1587 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 9-2-92 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.02.2011 № 141 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.05.25 № 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7, 19 - баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының негiзiнде және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау бойынша қосымша шаралар белгiлеу мақсатында Рудный қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес аз қамтылғандар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.05.25 № 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 409 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-14, 2005 жылғы 22 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде № 57 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiмнiң орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкiмi Н. Денинг

  Рудный қаласы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы 22 қарашадағы
№ 1587 қаулысымен бекітілген

Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға
жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыпта "кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға" сөздерімен "кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар" сөздерімен ауыстырылды;
      барлық мәтін бойынша: "бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау" сөздері "қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру" сөздерімен ауыстырылды;
      "жұмыссыздарға", "жұмыссыздар", "жұмыссызды" сөздері тиісінше "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарға және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарға, сондай-ақ жұмыссыздарға", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар", "табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғанды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамды, сондай-ақ жұмыссызды" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.03.27 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      1. Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу жеріне жол жүруге арналған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтiк көмектi (әрi қарай әлеуметтiк көмек) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (әрi қарай уәкiлеттi орган) көрсетедi.

      2. Әлеуметтiк көмек, егер жұмыссыз оқу бiтiрген күннен кейiн бiр ай iшiнде өтiнiш жасаса, төленедi.

      3. Уәкiлеттi орган осы нұсқаулықтың 1 қосымшаға сәйкес азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi өтінішін қарайды және әлеуметтiк көмектi тағайындау, немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      4. Әлеуметтiк көмек алуға уәкiлеттi органда ресми тiркелген және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі өтініш беруші) заңнамасына сәйкес шарт жасалған бiлiм беру ұйымдарына кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздар құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.03.27 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      5. Арыз берушi уәкiлеттi органға жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.

      6. Арыз берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

      7. Әлеуметтiк көмек алуға құқығын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) осы Нұсқаулыққа қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арыз;

      2) өтiнiш берушiнiң жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      3) емдеу мекемесiнiң медициналық куәландырудан өткенi туралы анықтамасының көшiрмесi және өту үшiн төлеген ақы жөнiндегi төлем құжаты;

      4) қазіргі жол жүрудің бағасы бойынша оқу жеріне және қайтадан тұру орнына келу бойынша жол жүру құжаттары (оқу жеріне баруға әлеуметтік көмек үшін).

      8. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi уәкiлеттi органға салыстыру үшiн тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары арыз берушiге қайтарылады.

      9. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi төмендегiнi құрайды:

      1) тұруға – оқу орнына дейін жүру үшін қалалық және қала маңындағы автокөлікпен тасымалдау қызметтерін пайдалану мүмкіндігі жоқ өтініш берушілер үшін арыз беру сәтіне Қостанай облысында белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын;

      2) тамақтануға – арыз беру сәтіне заңнамамен белгіленген үш айлық есептік көрсеткiші көлемінде ай сайын;

      3) медициналық куәландыруға – осы Нұсқаулықтың 7–тармағының 3–тармақшасында көрсетiлген құжаттармен расталған тексерудiң бағасы;

      4) оқу жерiне жол жүруге - осы Нұсқаулықтың 7–тармағының 4–тармақшасында көрсетiлген құжаттармен расталған жол жүрудiң бағасы.

      Ескерту. 9-тармаққа 4-тармақшасына өзгерту енгізіледі - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2008.07.01 № 998 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен ; 9-тармақ 1) және 2) тармақшалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.03.27 № 368 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi арыз берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 15 күн iшiнде шығарады.

      11. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың болмауы әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тартуға әкелiп соғады.

      12. Әлеуметтiк көмектi төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      13. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасап, есептеп, қалалық қаржыландыру органына қаржыландыруға жиынтық өтінімді береді.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң операциялардың тиiстi түрлерiне берiлген лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақша түрiнде жүзеге асырылады.

  Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген
жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi Нұсқаулығына
1-қосымша

Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға
әлеуметтiк көмекті тағайындау туралы

      № шешім

      (жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның атауы)

     

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      бастап жұмыссыз деп танылды

      Жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен

      бастап дейін (оқу орнының атауы) мамандық бойынша оқіды.

      Жұмыссыз берген және жұмыспен қамту мәселелер жөнінде уәкілетті орган ресімдеген құжаттардың негізінде 200 жылғы " " бастап 200 жылғы " " дейін оқу кезеңі бойынша әлеуметтік көмек тағайындалсын:

      тамақтануға теңге

      тұруға теңге

      медициналық куәландыруға теңге

      оқу жеріне дейін баруға теңге

      БАРЛЫҒЫ: теңге

      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту

      (бас тартудың себебін көрсету)

      Шешім қабылдаудың күні 200 жылғы " "

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      ММ бастығы

      аты – жөні қолы

      М.О.

      Есепті дайындаған

      лауазымы аты-жөні қолы

      Есепті тексерген

      лауазымы аты-жөні қолы

  Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген
жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек
көрсету жөнiндегi Нұсқаулығына
2-қосымша

      Жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға


      (елді мекен, аудан, облыс)

      (арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органның жолдамасымен

      (оқу орнының және маманның атауы)

      оқитын, (елді мекен, аудан)

      (көше, үй және пәтердің №, телефоны)

      мекенжай бойынша тұратын жеке куәлігінің №

      берілген жеке шоттың №

      Өтініш

      Тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға, оқу жеріне жол жүруге шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті көрсетуді сұраймын (қажеттінің астын сызу)

      Өтінішке белгіленген үлгідегі құжаттарды қоса беріп отырмын.

      Кірістің басқа түрлері бар

      Жалған ақпаратты және күмәнді (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      200 жылғы " "

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттар қабылданды

      200 жылғы " "

      (құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні, қолы)

      (кесу сызығы)

      Жалған ақпаратты және күмәнді (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      (өтініш берушінің қолы)

      Азамат құжаттары данада қоса беріліп отырған құжаттарымен бірге қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні, лауазымы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады