Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009.10.13 № 536 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2007 жылғы 19 ақпандағы № 9-4-81 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-бөлімі 10-тармағының 1) тармақшасындағы:
"бір есептік" деген сөздер "төрт есептік" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бөлімі 10-тармағының 2) тармақшасындағы:
"екі есептік" деген сөздер "алты есептік" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі В. Полешко
КЕЛІСІЛДІ