Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бюджеттің қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Аудан әкімі С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ
Аманкелді аудандық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының төрағасы
_________________________ Ә. Саматов
Аманкелді аудандық мәслихаттың
хатшысы
____________________ Ж. Оташев
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 шілдедегі
№ 134 қаулысына қосымша
Бюджеттің қаражаттары есебінен ауылдық (селолық)
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) күтуші әлеуметтік жұмыскер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) алғашқы әскери даярлық басшысы;
3) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу–тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп–интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының директордың орынбасары;
4) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
5) әлеуметтік педагог;
6) педагог-ұйымдастырушы;
7) қосымша білім беру педагогы;
8) педагог-психолог;
9) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
11) музыкалық жетекші;
12) аға жетекші;
13) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
14) психологтік–педагогикалық кеңес меңгерушісі;
15) лагерь бастығы (қорғаныс–спорттық, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс);
16) оқушылардың кәсіби практикасының басшысы;
17) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
18) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
19) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
20) мәдени ұйымдастырушы;
21) аға әдістемеші, әдістемеші;
22) өндірістік оқыту шебері;
23) аға шебері;
24) аккомпаниатор;
25) концертмейстер;
26) студиялар, клубтар басшылары;
27) медициналық бике;
28) емдәм бикесі;
29) кітапханашы;
30) кітапхана меңгерушісі;
31) дәрігер;
32) сурдопедагог;
33) тифлопедагог; логопед;
34) психологтік–педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
35) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
36) балетмейстер;
37) хормейстер;
38) жаттықтырушы-оқытушы;
39) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдістемеші;
40) туризм жөніндегі әдістемеші-нұсқаушы;
41) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
7) кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, бағдарламашы;
8) аға ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкер;
9) кітапханашы, аға кітапханашы;
10) кітапхана меңгерушісі;
11) мәдени ұйымдастырушы;
12) әнші;
13) әртіс;
14) режиссер;
15) редактор;
16) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
17) кезекші администратор; админстратор;
18) дирижер;
19) басқару пультінің операторы;
20) нұсқаушы.