Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 30 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылға 30 қаңтарда № 9-8-88 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.09.2013 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
       2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төртінші
      сессиясының төрағасы                       М. Суербасов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады