Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 61 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қазанда № 4241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 239 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 24.12.2018 № 239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 27.06.2014 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 27.06.2014 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) мәслихаттың 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 30 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-88 тіркелді, 2008 жылғы 8 ақпанда "Наше время" газетінде жарияланған);

      2) мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 97 "2008 жылғы 11 қаңтарындағы № 30 "Аудандық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту туралы" шешіміне өзгертулерді енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-108 тіркелді, 2009 жылғы 16 қаңтарда "Наше время" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихатының кезектен


тыс сессиясының төрағасы

А. Мұрзабаев

Денисов аудандық


мәслихатының хатшысы

А. Мұрзабаев

КЕЛІСІЛДІ:


"Денисов ауданы әкімдігінің


экономика және қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы


______________ C.Ф. Рахметова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады