Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет азаматтық қызметшілердің лауазымдық көлемін және тарифтік ставкасын арттырылған жиырма бес пайызын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 41 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 ақпанда № 9-12-67 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 238 бабының 2 тармағын орындауда, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2008 жылға аудандық бюджеті қаражаты есебінен қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын, азаматтық қызметшілердің төлемақы және ставкасын салыстыру жөнінде ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет азаматтық қызметшілердің лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы жиырма бес пайызға арттыруы белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрайымы                            К. Аитпаева

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Төлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады