2008 жылы төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 46 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 ақпанда № 9-14-70 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөнінде іс-шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 8-тармағына сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, олардың өткізу шарттарын нақтылау мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес нақты көрсеткіштермен анықталған жұмыстардың нақты көлемдерімен және түрлерімен 2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын Қостанай ауданы әкімиятының "Көмек" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арқылы 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыратын селолық округтер, селолар және кент тізбесі бекітілсін.

      2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеп жүрген жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджет қаражатынан бір жарым минималдық жалақы көлемінде анықталсын.

      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қостанай ауданы әкімиятының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбемен анықталған ұйымдар арасында жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім-шартта көрсетілген шарттарда жүргізілсін.

      4. Қостанай ауданы әкімиятының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тізбеде көрсетілген ұйымдармен орындалған қоғамдық жұмыстардың сапасын бақылауды жүргізсін.

      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде 2007 жылғы 31 қаңтарда 9-14-54 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 9 (346) санында жарияланған) 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   Г. Тюркин

      
Қостанай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы   
№ 46 қаулысына қосымша     

"Көмек" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
арқылы 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге
асыратын селолық округтер, селолар және кент тізбесі

Рет саны №

Кәсіпорынның атауы

Нақты түрлері
мен көлемдері

Адам саны

Адам жұмыс күндері

1.

Александров селолық округі

Александров селосының автобус аялдамаларын, саябақтар мен көшелерін жинастыру, шөпті шабу, ағаштарды бордюрлерді, шартақтарды ақтау, ағаштарды, бұталарды кесу, қоқыстарды шығару; 29236 шаршы метр көше шартақтарын жөндеу, газ трубаларын және тіреуіштерді сырлау.
Александров орта мектебін және Давыденов негізгі мектебін, 5000 шаршы метр отбасылық дәрігерлік амбулаториясын жөндеу.

10
 
 
 
 

660

2.

Воскресенов селосы

Воскресенов селосының 11800 шаршы метр саябақтары мен көшелерін жинастыру, ағаштарды, бұталарды кесу, ағаштарды ақтау шартақтарды ақтау, қоқыстарды шығару;
1000 шаршы метр Воскресенов орта мектебін, фельдшерлік-акушерлік пунктті, поштаны жөндеу, сырлау, ақтау.

9
 

594
 
 
 

3.

Владимиров селолық округі

Владимиров селосының 19600 шаршы метр көшелерін жинастыру, жолдарды тазарту, арам шөптерді жұлу, ағаштар мен бұталарды кесу, ағаштарды ақтау, қоқыс шығару; екі қоғамдық құдықты жөндеу, 150 түп ағаш отырғызу және оларды күту;
500 шаршы метр әкім аппараты ғимаратын, Сормов селосының 60 шаршы метрлік фельдшерлік-акушерлік пунктін, 600 шаршы метр Владимиров орта мектебін жөндеу (сырлау, ақтау).
Владимиров селосының 822 ауласындаа, Янушев селосының 79 ауласында, Сормов селосының 107 ауласында, қосалқы шаруашылықтар мен халық санағын алу.

12

792

4.

Заречный селолық округі

Заречный, Талапкер, Осинов, Рыспай селоларының 63000 шаршы метр аумағын жинастыру: саябақтар, автобус аялдамаларын, бұталар мен ағаштарды кесу, шөпті шабу, ағаштарды бордюрлерді, шартақтарды ақтау, арам шөптерді жұлу, жамылған қарларды жинау, қоқысты жинау. Гүл клумбасын 50 шаршы метрін қолмен суару және арам шөптерді жұлу, 100 түп ағаш отырғызу. 455 шаршы метр Талапкер мектебін жөндеу.

12

792

5.

Озерный селолық округі

Озерный селосының 31888 шаршы метр аумағын жинастыру:
көшелерді, саяжай, стадион, саябақ зират аумағын жинастыру, бордюрлерді ақтау, шартақтарды сырлау, ағаштар мен бұталарды кесу, шөпті шабу, қоқыс шығару. 100 шаршы метр гүл клумбасын суару және арам шөптерін жұлу, отырғызылған ағаштарды күту.
Әкімдік ғимаратын, 410 шаршы метр Озерный орта мектебін жөндеу.

4

264

6.

Садчиков селолық округі

Садчиков селосының 89475 шаршы метр аумағын жинау: әкімдік, ескерткіш айналасын, тас жол жиегін, автобус аялдамаларын, стадионды, саябақты, ағаштарды, бұталы ағаштарды кесу, ағаштарды, бордюрлерді, шартақтарды ақтау, тиеу және қоқысты шығару.
450 шаршы метр Константинов негізгі мектебін жөндеу.

10

660

7.

Мичурин селолық округі

Мичурин селосының 17500 шаршы метр көше аумағын, аллеясын, саяжайын жинастыру, бұталар мен ағаштарды кесу, шөпті шабу, қоқысты шығару.
Садовый және Алтынсарин селоларының 982 шаршы метр фельдшерлік-акушерлік пункттерінің ішін және сыртын жөндеу.

8

528

8.

Октябрь селолық округі

Октябрь селосының аумағын жинау: 5000 шаршы метр стадионды, 4725 шаршы метр Октябрь селосы мен Нечаев селосының саябақтарын, зираттарын, 375 шаршы метр жарқырауық ескерткіштерді.
Сайларды тазарту: Октябрь селосының 400 шаршы метрін, Лиманное селосының 300 шаршы метрін, Рыбный селосының 400 шаршы метрін.
Ағаштарды, бұталы ағаштарды кесу, ағаштарды ақтау, қоқысты шығару.
Ағаштарды отырғызу және оны күту, 14 құдықты тазарту. 12125 шаршы метр Совхоз орта, Нечаев негізгі, Рыбный және Ленин бастауыш мектептерін жөндеу.
Октябрь селосының 455 ауласына, Лиманное селосының 91 ауласына, Рыбный селосының 67 ауласына, Молоканов селосының 132 ауласына, Нечаев селосының 193 ауласына, Шоқ-Қарағай селосының 48 ауласына қосалқы шаруашылықтар мен халық санағын алу.

18

1188

9.

Белозер селолық округі

292300 шаршы метр Белозер, Балықты, Сергеев селолары аумағын жинау: стадион, саябақ, жарқырауық ескерткіштерін жөндеу, қоқысты шығару.
200 шаршы метр әкім аппаратының ғимаратын, 1865 шаршы метр Белозер, Балықты, Сергеев селоларының мектептерін, 200 селолық дәрігерлік амбулаторияны жөндеу.

9

594

10.

Майкөл селолық округі

Майкөл селолық округінің 36220 шаршы метр аумағын жинау, ағаштардың басын қию, арам шөптерін жұлу, қоқысты шығару.
250 шаршы метр Майкөл селосының кеңсе ғимаратын, 240 шаршы метр Арман бастауыш мектебін, 480 шаршы метр Рязанов бастауыш мектебін, 450 шаршы метр, Шеминов орта мектебін жөндеу.

10

660

11.

Шишкин селолық округі

7245 шаршы метр Шишкин селолық округін жөндеу: ағаштарды және бұтақтарды кесу, ағаштарды, бордюрлер және бағандарды ақтау, қоқысты шығару.
5050 шаршы метр Шишкин орта мектебін, 820 шаршы метр фельдшерлік –акушерлік пунктін жөндеу, 720 шаршы метрлік әкімдік ғимаратын жөндеу

4

264

12.

Дружба селолық округі

Дружба селосының аумағын жинастыру: әкімдік ғимаратын айналасының қарын тазарту, ағаштарды кесу, бағандар мен ағаштарды ақтау, арам шөп жұлу, шартақтарды сырлау, зират маңын жинастыру – 209500, 250 шаршы метр гүл өсетін клумбаларға гүл отырғызу және қолдан суару, арам шөптерін жұлу, 244 аула халық пен қосалқы шаруашылықтың санағын алу.
Киров, Васильев, Жданов селоларындағы фельдерлік пункеттер мен мектептерді жөндеу – 1499 шаршы метр.

12

792

13.

Мәскеу селолық округі

Мәскеу селосының 4500 шаршы метр аумағын жинау, бұталар мен ағаштарды кесу, бағандарды және ағаштарды ақтау, арам шөптерді жұлу, қоқысты шығару, 4019 шаршы метр Мәскеу орта және Озерный негізгі мектептерін, фельдшерлік-акушерлік пунктін, отбасылық дәрігерлік амбулаториясын жөндеу.

12

792

14.

Ульянов селолық округі

Ульянов селосының 13000 шаршы метр аумағын, көше, саябақ, ескерткіштерді жинау, ағаштарды кесу, бордюрлер мен, ағаштарды ақтау, қоқысты шығару.
587 шаршы метр Ульянов орта мектебін жөндеу.

6

396

15.

Глазунов селолық округі

Глазунов селосының 33000 шаршы метр аумағын, аллеясын, ескерткіштерді жинау, бұталар мен ағаштарды кесу, бордюрлерді, шартақтарды, ағаштарды ақтау, қураған ағаштарды кесу.

7

462

16.

Половников селолық округі

Половников селосының 12320 шаршы метр аумағын: саябақ, көше, ескерткіштерді, шартақтар мен ағаштарды ақтау, арам шөптерді жұлу, қираған ғимараттарды тазарту, төрт қоғамдық құдықтарды, стелдарды жөндеу. 106 шаршы метр әкім аппараты ғимаратын жөндеу.

8

528

17.

Борис-Романов селосы

Борис-Романов селосының 5305 шаршы метр аумағын жинау, шөпті шабу, ағаштарды кесу, бордюрлер мен, ағаштарды ақтау, қоқысты шығару. 1600 клубты, мектептің қосымша құрылысын жөндеу.

4

264

18.

Надеждин селолық округі

Надеждин селосындағы 4000 шаршы метр көшелерді, саяжайды, 5400 шаршы метр стадионды тазарту, 100 шаршы метр шартақтарды сырлау, ағаштар мен бұталарды кесу, ағаштарды ақтау, шөпті шабу, қоқыс шығару.

10

660

19.

Жамбыл селолық округі

Жамбыл селосының аумағын жинау: 75000 шаршы метр көшені, саяжайды, дарбазаларды, бұталарды, ағаштарды кесу, бордюрлерді, ағаштарды ақтау, 40 шаршы метр гүл өсетін клумбаларға гүл отырғызу, қазу және оны суару. Қоқыс шығару.

6

396

20.

Затобол кенті

Затобол кентіндегі тротуарларды, адам жүретін жолдарды, әкімшілік ғимаратының айналасын қардан тазарту, 284679 шаршы метр көшені жинау: Калинин, Терешкова, Попович, Школьный, Қалабаев, 40 лет Октября, Механизаторлар, орталық алаң, саябақ, ескерткіштерді, жол жиегін, зираттар, аудандағы сақиналы айналма жолдарды жинау, мерекелерді өткізуге байланысты алаңды жинауға көмектесу, ағаштарды, бұталы ағаштарды кесу, жас көшеттерді отырғызу, кепкен ағаштарды кесу, бордюрлерді, ағаштарды ақтау, гүл өсетін клумбаларды қазу, шөпті шабу, тиеу және қоқыстарды шығару.

49

3234

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады