РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, "Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңын сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, балаларға жәрдемақы алуға үміткер, отбасына қосылған кірістерді есептеу Ережесі негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде 30 пайызға азайту жолымен жеке қосымша шаруашылығынан түсетін түсімдерді есептеу үшін нормативтік карточкаға келтірілген, сондай-ақ статистика органы ұсынған бағаны, өндірістік шығындардың орташа деңгейін, орташа өнімділігінің (өнімді) есепке алу деректі түзету белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Г. Тюркин