Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 7, 15-тармақшалары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" Заңының 11 және 41-баптары, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 243 хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген отыз еселі айлық көрсеткіш мөлшерінде Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына лайықты, сондай-ақ 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапатталған қайтыс болған тұлғаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету мөлшері тиісті жылға анықталсын.
2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді.
Қостанай аудандық мәслихатының
төртінші сессиясының төрайымы Л. Нам
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы Н. Төлепов