Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Железин аудандық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 12 маусымдағы N 184-3/25 және 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 219-3/30 бiрлескен шешiмдерiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы "Железин ауданының ауылдарын қайта атау туралы" N 270/9 қаулысына сәйкес, Железин ауданының Комаровка және Новокузьминка ауылдары тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Железин ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Железин селолық округiнiң Комаровка селосы Аққайың ауылы және Қазақстан селолық округiнiң Новокузьминка селосы Жаңа жұлдыз ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Л. Белогривый
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров