Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімиятының 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 71/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 14 сәуірде N 3110 тіркелген. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңы 19-бабының 3-тармағына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және азаматтарды 2008 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" N 563 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы" N 623 қаулысына сәйкес, Павлодар облысында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткiзу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысының азаматтарын 2008 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткiзу қамтамасыз етiлсiн.
      2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау мен бақылауды үйлестiру үшiн қосымшаға сәйкес құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Облыс қаржы департаментi азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етуге байланысты iс-шараларды қаржыландыруды 2008 жылға арналған облыстық бюджетте белгiленген шығыстарға сәйкес қамтамасыз ететiн болсын.
      4. Облыс денсаулық сақтау департаментi азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар мен бөлiмдердiң өтiнiмдерiне сәйкес дәрiгерлiк комиссиялардың құрамында тиiстi санаттағы және әскери-дәрiгерлiк сараптамада тәжiрибесi бар дәрiгер қызметкерлердiң қажеттi санын бөлсiн.
      5. Облыс iшкi iстер департаментi (келiсiм бойынша):
      iшкi iстер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тiзiмдерiн шақыру комиссияларына дер кезiнде беретiн болсын;
      әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пунктi мен темiржол сапаржайында полиция жасақтарының кезекшiлiгiн ұйымдастырсын.
      6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi:
      қалалар мен аудандар қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалары мен бөлiмдерi  бастықтарының төрағалық етуiмен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      қалалар мен аудандардың бюджеттерiне сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу iс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      шақырылғандарды медициналық куәландыру және шақыру комиссияларының жұмыс iстеуi үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар мен бөлiмдер бастықтарына жабдықталған орындар берсiн, өтiнiмдерге сәйкес көлiкпен, сондай-ақ тиiстi санаттардағы дәрiгерлiк және техникалық қызметкерлерi қажеттi санының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн болсын;
      мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жеңiлдiктер мен жәрдемақылар берудi қамтамасыз етсiн;
      азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезiнде әскерге шақыру пункттерiнде жұмыс iстеуге қатыстырылатын шақыру комиссиялары мүшелерiнiң, дәрiгерлiк құрам мен техникалық қызметкерлер жұмыс орындарының, атқаратын қызметтерi мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсiн;
      запасқа шығарылған әскери қызметшiлердi еңбекке орналастыруға көмектесетiн болсын.
      7. Облыс қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы (келісім бойынша) облыс бюджетінен Павлодар қаласының тұрғындары қатарынан ұйымдастыру пункттеріне уақытша 14 адамды әскери дайындық және шақыру мерзімінде техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етілсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi                                Қ. Нұрпейiсов

      Келiсiлдi:

      Облыс iшкi iстер
      департаментiнiң бастығы                    Қ. Тоқсейітов

      Облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi
      департаментiнiң бастығы                    А. Алдажаров

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 2 сәуір
"Азаматтарды 2008 жылдың сәуiр-маусым
және қазан-желтоқсан айларында кезектi
мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы"
N 71/4 қаулысына
қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Алдажаров
Асайын Қинашұлы

- облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы, төраға (келiсiм бойынша)

Иманғалиев
Тiлеуберген Темiржанұлы

- облыс жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және  жоюды ұйымдастыру департаментi  директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)

Казанцева
Вера Васильевна

- облыстық аурухананың медициналық бибiсi, хатшы

Комиссия мүшелерi:

Гостищев
Александр Федорович

- облыс қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшiлердi контракт және шақыру бойынша жинау басқармасы шақыру бөлімінің бастығы (келiсiм бойынша)

Каримов
Олег Наильевич

- облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)

Маутин
Сержан Тiлектесұлы

- облыс қаржы департаментiнiң мемлекеттiк, қорғаныс, қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк органдарының қаржыландыру жоспарларын жүргiзу және рұқсатнамалар беру бөлiмiнiң бастығы

Сүлейменов
Мұрат Құснұлұлы

- облыс денсаулық сақтау департаментi директорының орынбасары

Төлебеков
Бахадир Жамалбекұлы

- облыс қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары - әскери қызметшiлердi контракт және шақыру бойынша жинау басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)

Тоқсанбаев
Ысқақ Ботаұлы

- облыс ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады