Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 169/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Занының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес және ауданның жекелеген санаттагы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Ңұсқауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-50 болып тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2008 жылғы 8 наурыздағы N 10 санында жарияланды) N 59/2 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Ңұсқаудың;
2- тармағы келесі мазмұндағы 23), 24), 25) тармақшаларымен толықтырылсын:
"23) жумыссыз 3 топ мүгедектері мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы аз қамтамасыз етілген азаматтар - жеке шаруашылығын дамыту ұшін, мал алу фактісі бойынша азық алу ұшін;";
24) ағымдағы жылы квотамен келген оралмандар, жайластыру үшін;";
25) дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар зейнеталды жастағы жұмыссыз азаматтар, ер адамдар-58 жастан, әйелдер-53 жастан."
2 тармақтың 9) тармақшасы "туберкулезбен ауыратын адамның тұргын үйін нақты шығыны бойынша жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағы келесі мазмұндағы 19), 20), 21), тармақшаларымен толықтырылсын;
"19) 2 тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - келісімшарт, әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, басқа табыстарының көрсетілуімен қатар тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, селолық округ әкімінің қолдаухаты, шаруашылығы және ұй учаскесі көрсетілген тұратын жерінен анықтама, әлеуметтік көмек берілу қажеттілігі туралы учаскелік комиссияның шешімі, 3 топ мүгедектігі анықтамасының көшірмесі, жұмыссыз ретінде есепте тұрғаның растайтын анықтама;";
20) 2 тармақтын 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, оралман мәртебесін растайтын құжат;";
21) 2 тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы;";
5 тармақтын 1) тармақшасындағы "жүрісі" сөзінен кейін ұтір арқылы "турғын ұйін жөндеуге" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң колданысқа енеді.
Аудан әкімі М. Көбенов