Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010.04.01 N 103/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша қоса беріліп отырған Нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 59/2 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-50 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы аудандық "Родные просторы" N 10 газетінде жарияланған);
Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" N 59/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 300/9 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазандағы аудандық "Родные просторы" N 41 газетінде жарияланған).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев
Железин ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 15 маусымдағы
N 169/5 қаулысымен
бекітілді
Ауданның жеке санаттағы азаматтарына
әлеуметтік төлем тағайындау бойынша
НҰСҚАУ 1. Жалпы ереже
1. Осы Нұсқау ауданның жеке санаттағы азаматтарына төлем тағайындау және жүзеге асыру шарттарын Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медико-педагогикалық қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына, Железин аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 108-4/11 шешіміне сәйкес нақтылайды.
2. Қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет.
3. Әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлға отбасының жиынтық кірісі осы Нұсқаудың 5-бөліміне сәйкес есептеледі.
4. Азаматтардың өтініштерін тіркеу және есепке алу бойынша уәкілетті орган болып "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) табылады.
5. Әлеуметтік төлемдерді алуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге толық және дұрыс мағлұматтарды ұсыну керек және әлеуметтік төлемдер алу құқығына қатысты барлық өзгерістерді өзгерістер енгізілген күнінен бастап 15 күн ішінде Бөлімге хабарлауға міндетті.
6. Отбасының құрамы жиынтық кріс белгіленген кезеңнен бастап есептеледі.
7. Отбасының құрамына үш айдан артық мерзімде жоқ болған тұлғалар қосылмайды, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес олардың тұрғын үйге құқығы сақталады.
2. Жекелеген әлеуметтік төлем алуға
құқығы бар азаматтар санаты
8. Әлеуметтік төлем алуға құқығы барлар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) "Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған тұлғалар; "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері; қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың қайта некеге тұрмаған жұбайлары (жарлары); әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері), үкіметтік органдардың шешімі бойынша үшін әскери 1950-1951 жылдардағы (Венгрия) әрекеттерге қатысушылар;
3) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған тұлғалар; соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; Кеңес Әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
4) "Железин ауданының Құрметті азаматы" атағы бар тұлғалар;
5) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
6) облыстың жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
7) ағымдағы жылы бас бостандығынан айырылу орындарынан босатылған тұлғалар;
8) амбулаторлық емдеумен қолдау кезеңінде жүрген құрт ауруымен ауыратындар;
9) облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және оперативті емдеуге (операция, химиятерапия, сәуле терапиясы) жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын онкологиялық аурулар;
10) облыстың жоғарғы және орташа арнаулы оқу орындарында оқитын мүгедек-студенттер;
11) көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
12) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
13) кәсіптік дайындық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар;
14) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар шығарып салушы тұлғалар;
15) Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметкерлер;
16) Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан тұлғалар;
17) жалғызбасты еңбекке жарамсыз зейнеткерлер;
18) зейнетақының ең аз мөлшерін алатын және еңбек өтілі толық емес зейнеткерлер;
19) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
20) ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген жас дәрігерлер (29 жасқа дейінгі);
21) балалар церебралды параличі диагнозымен ауыратын балалары бар жалғыз басты аналар;
22) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар;
23) орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жүкті әйелдер (Железин аудандық орталық ауруханасына есепке тұру үшін уақтылы үндегендер);
24) зейнетақы мөлшері орташа, барлық әлеуметтік жәрдемақы түрлерін есепке алғанда 20000 теңгеден төмен, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бір елді мекенде тұрмайтын, зейнеткерлер қатарындағы жалғыз тұратын тұлғалар мен отбасы жұптары;
25) 6-7 курста ақылы негізде оқытылатын және білім беру қызметтерін көрсету және төлеуге аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен интерн бойынша үш жақты келісім жасаған Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері;
26) орта есеппен жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылары;
27) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар;
28) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;
29) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер, балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты әйелдер, бейбіт уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11 қаулыларымен.
3. Әлеуметтік төлем мөлшері
9. Нұсқаудың 2-бөлімінің 8-тармағында көрсетілген азаматтар санаттары үшін әлеуметтік төлемдер мына түрлер бойынша тағайындалады:
1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; дәрі-дәрмек алу үшін ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде; тоқсанына 1 рет облыс орталығына автомобиль көлігімен бару жолын растайтын құжаттар негізінде деректі құны бойынша өтеу; екі кезеңдік басылымға жазылу; тұрғын үй–коммуналдық қызметі төлемі (жылу үшін қызметтен басқа) ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; деректі шығындар бойынша растайтын құжаттар негізінде тіс салдыруға бір жолғы материалдық көмек; қатты отын сатып алу үшін немесе жылу беру шығындарының орнын толтыру үшін 15 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
2) 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
3) 8-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; тұрғын үй–коммуналдық қызметтер үшін төлем ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
4) 8-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - коммуналдық қызметтер төлемі үшін 23228 теңге мөлшерінде бір жолғы ақшалай өтемақы;
5) 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Мүгедектер күніне орай 5000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
6) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - облыстың жоғары оқу орындарында оқуы үшін нақты құны бойынша растайтын құжаттар негізінде ай сайын 5000 теңге (тамақтануы және тұратын жеріне жетуі үшін төлем);
7) 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - орналасу үшін 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
8) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – тамақтануы үшін 4 АЕК мөлшерінде және аудан шегінде жолақысына 1 АЕК мөлшерінде берілетін ай сайынғы материалдық көмек;
9) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - тоқсанына бір рет облыстық онкологиялық диспансерге автомобиль көлігімен (таксиден басқа) бару жолын нақты құны бойынша өтеу, оперативтік емделуге 15 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
10) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - мүгедектер күніне 10 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
11) 8-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге шығарып салушы азаматтардың нақты шығындарын (жүрісі, тамақтануы, тұруы) растайтын құжаттар негізінде бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
12) 8-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге шығарып салушы азаматтардың нақты шығындарын (жүрісі, тамақтануы, тұруы) растайтын құжаттар негізінде бірақ 40 АЕК-нен артық емес;
13) 8-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - оқыту кезеңіне ай сайын 5000 теңге мөлшерінде материалдық көмек;
14) 8-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Қазақстан Республикасының шегінде жүрісінің нақты шығындарын растайтын құжаттар негізінде материалдық көмек;
15) 8-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек; сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде; тұрғын үй –коммуналдық қызметі төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
16) 8-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде; тұрғын үй –коммуналдық қызметі төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; Отанды қорғаушылар күніне 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
17) 8-тармақтың 17), 18), 19) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
18) 9-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - мамандарды орналастыру үшін бір маманға 200000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Маманды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықсыз әлеуметтік көмек тағайындалмайды;
19) 8-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – тоқсан сайын 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
20) 8-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Дәрігерлік Консультативтік Комиссиясының қорытындысы бойынша ай сайын 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
21) 8-тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
22) 8-тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Қарттар күніне орай қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек. Осы санаттағы отбасыларға материалдық көмек отбасының бір мүшесіне ғана төленеді;
23) 8-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аудан әкімі, студент және жоғары оқу орны арасында интерн бойынша жасалған келісімнің шарттарына сәйкес медициналық жоғары оқу орындарында оқуды төлеу үшін әлеуметтік көмек;
24) 8-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – медициналық мекемелердің қорытындысы бойынша балалар тамағын сатып алу үшін ай сайын 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту және өздігінен жұмыспен қамтылу үшін 70,0 мың теңгеден, жем-шөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда);
26) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – айына бір рет жолақысына берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
27) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екі кезеңдік басылымға жазылуға 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11 қаулыларымен.
4. Қажетті құжаттар тізбесі
10. 8-тармақтың 1), 2), 3), 15), 16), 17), 18), 19), 21), 24) төлемдерді тағайындау Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі және "Зейнетақы төлеу бойынша республикалық орталық" Республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар облысық зейнетақы төлеу бойынша Железин ауданы бөлімшесінің тізімі негізінде жүргізіледі; 8-тармақтың 8) тармақшасындағы көрсетілгендер үшін - Железин ауданының туберкулез ауруханасы ұсынатын тізім негізінде тағайындалады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8 қаулысымен.
11. Әлеуметтік төлемдерді алуға үміткер азаматтар Бөлімге есепшот және банк пен пошталық байланыс бөлімінің атауы көрсетілген өтінішті, жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін (СТН), сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынады:
1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - жол билеттері, кезеңдік басылымға ақы төленгені туралы түбіртек, тіс салғаны үшін төлем жөніндегі анықтама немесе түбіртек;
2) 8-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - алушының мәртебесін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы;
3) 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) анықтамасының көшірмесі;
4) 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - аудан әкімі, студент және оқу орнының басшысы арасындағы интерн бойынша үш жақты келісімшарттың көшірмесі;
5) 8-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - бостандықтан айырылу жерінен босатылу жөніндегі анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
6) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- азаматтарды тіркеу кітабы, жол билеттері немесе жеке өтініші;
7) 8-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - медициналық мекеменің жолдамасы, жол билеті, оперативті емделу өткізілгенін растайтын медициналық мекеменің құжаттары;
8) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - МӘС анықтамасының көшірмесі, оқитын жерінен анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
9) 8-тармақтың 11), 12) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - науқастың медициналық картасы, билеттер, азаматтарды тіркеу кітабы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
10) 8-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша оқуды өткені жөніндегі оқу мекемесінің растайтын құжаттары (оқу мекемесінен анықтама не көшірме);
11) 8-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - МӘС анықтамасының көшірмесі, медициналық мекеменің жолдамасы, жол билеттері, азаматтарды тіркеу кітабы;
12) Алынып тасталды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.12.02 N 317/11 қаулысымен.
13) 8-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке кодының көшірмесі (ӘЖК), келісімшарт және білімі туралы дипломының түпнұсқасы мен көшірмелері;
14) 8-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - алушының мәртебесін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, МӘС анықтамасының көшірмесі;
15) 8-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, кірістері мен отбасының құрамы туралы анықтама, Дәрігерлік Консультативтік Комиссиясының қорытындысы;
16) 8-тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – азаматтарды тіркеу кітабы, селолық округ әкімімен берілген өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, кірістерін көрсете отырып отбасының құрамы туралы анықтама, медициналық мекеменің растайтын құжаттары;
17) 8-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – аудан әкімі, студент және жоғары оқу орнының арасындағы үш жақты келісімшартының көшірмесі, оқу орнынан анықтама;
18) 8-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімімен берілген материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, отбасының құрамы туралы анықтама, аула шаруашылығының бар болуы туралы анықтама, отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет, медициналық мекеменің анықтамасы;
19) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
20) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі, қайтыс болу (қаза табу) жөніндегі хабарламаның көшірмесі.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 228/8; 2009.12.02 N 317/11қаулыларымен.
5. Отбасының жиынтық кірісін есептеу
12. Отбасының жиынтық кірісіне, өтініш берген тоқсаннан кейінгі тоқсандағы нақты ақшалай немесе заттай түрде алынған кірістің барлық түрі енеді, тек қана тұрғын үй мен әлеуметтік көмектен басқа.
13. Отбасының жиынтық кірісін есептеу өтініш берушінің алынған кірістері туралы ұсынған мағлұматы негізінде жүргізіледі.
14. Орташа кіріс әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанына, тоқсанда алынған жиынтық кірісін отбасы мүшелерінің саны мен үш айға бөлу жолымен есептеледі.
6. Есеп және есептілік
15. Көрсетілген әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері, қажетті құжаттар қосымшалары негізінде, алушылардың Халық банкі немесе тұрғылықты жерінің пошталық байланыс бөліміне аудару жолы арқылы Бөліммен жүзеге асырылады.
16. Әлеуметтік төлемдерді көрсету үшін қаражаттардың шығынын есептеу және есептілікті Бөлім жүзеге асырады.
17. Бірінші құжаттар (бекітілген тізімге сәйкес өтініш берушімен ұсынылған өтініш, құжаттар) 3 жыл бойы "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сақталады.