Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 9/21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Азаматтық қызметшілерге бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық қәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" N 1400Қаулысына және аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 290/12 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда 25 пайызға көтеру мақсатында қарап және талқылап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға арналған ауылдық жерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамындарының қызметін осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардан мөлшерлемелерімен салыстырғанда 25 пайызға көтерілген айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Май аудандық мәслихатының (IV сайланған IV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсанда сессияда қабылданып, мемлекеттік тіркеуден 14.01.2008 ж. N 12-10-61 нөмірімен өткен "Ауылдық жерде істейтін және мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін 25 пайызға көтеру туралы N 11/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудаңдық мәслихатының экономиялық реформа және бюджет комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін заң күшіне енеді.
Сессия төрағасы Ә. Дюсупов
Аудандық мәслихатының хатшысы А. Тәнірбергенов