Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"
заңының
13-бабы 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастика комиссиясы ұсынысының негізінде бірлесе отырып Алматы қаласы әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ
және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маречек көшесі (Өтеген батыр көшесінен Сайын көшесіне дейін, Әуезов ауданы, 1350 метр) Зейнолла Қабдолов көшесі болып өзгертілсін.
2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы көшелердің есім көрсеткіштерін, үйлердің рет сандарын жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджетінде қажетті қаражатты қарастырсын.
3. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаевқа, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы және "Алматықалабезендіру" ЖАҚ (келісім бойынша), көшелердің жаңа есім көрсеткіштерін және үйлердің рет сандарын жасап орнатсын.
4. Әуезов ауданының әкімі Ә. Несіпбаев осы нормативті құқықтық актіні тиісті мекемелерге жеткізсін.
5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/1240 қаулысы мен ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 50 шешімдерімен бекітілген ІV сайланған Алматы қаласы маслихатының VІ сессиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің "Қазақстанның Халық жазушысы, академик З.Қабдоловты есте қалдыру туралы" бірлескен шешімінің күші жойылсын.
6. Осы нормативті құқықтық актінінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Тәжиев) және Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасына жүктелсін.
7. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі А. Есімов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХІ сессиясының
төрағасы Т. Есполов
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев